Жетісу облысының шекарашылары «Арнайы жасақ ойындарында» жоғары нәтиже көрсетті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары 9 маусым – «Арнайы жасақ жауынгерлері» күніне арналған ҚР ҰҚК Шекара қызметі ұйымдастырған «2026 жылғы арнайы жасақ ойындары» сайысына қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, жауынгерлік машықтарын, төзімділігі мен командалық үйлесімділігін паш етті. Нәтижесінде Жетісу облысы бойынша департаменттің командасы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Аталған сайыс әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және жауынгерлік рухын нығайтуға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті










