Талдықорған гарнизонында «Сарбаз олимпиадасы» өтті

13-17.07.2026 ж Талдықорған гарнизоны 54380 әскери бөлімінің сарбаздары арасында қолданбалы спорт түрлерінен “Сарбаз олимпиадасы” өтті.
Аталмыш жарысқа 80 жуық спортшы қатысып өзара мықтыны анықтады. Жарыс 6 спорт түрінен өтті. Волейбол, Шахмат, Жеңіл атлетика, Әскери спорттық жарыстар, Кедергілер жолағынан өту және Жекпе-жек ұрысы бойынша.
Жарыс қорытындысы бойынша: І-орын Командалық пункт байланыс балальоны, ІІ-орын Ұтқыр торабтар байланыс балальоны, ІІІ-орын Жалғау байланыс балальоны иеленді.
Жеңімпаздар кубок, медаль, грамотамен марапатталды.
