Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған

0
3346

Қазан айының тоғызы айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған пошташылардың төл мерекесі. Пошта байланысы бұрынғыдай емес, жаңа сипатқа енген. Заманауи, жаңа технология әдісі негізінде халықпен байланысын арттырған. Ғаламтордағы онлайн тәртіптің етек жайғанына қарамастан, поштаға деген сұраныс азайған жоқ. Атаулы мереке қарсаңында Қазпошта АҚ Алматы облыстық филиалының директоры  Мұхит КӘРІБАЕВҚА  жолығып, поштаның  бүгінгі,  алдағы  атқарылар жұмыстары   туралы айтып беруін өтіндік.

– Қай заманда болмасын, қандай кәсіпті алсаңыз  да қоғам дамуына қосар үлесі зор. Әрқайсысы өзіндік мән,   маңызымен, қажеттілігімен ерекшеленеді. Соның ішінде пошта қызметінің алар  орны айрықша. Алыста жүрген жақынының сағынышқа толы хатын немесе сүйікті басылымын арқалай жететін пошташыны сөз жетпес қуанышпен қарсы алатын шақтар аға буынның есінде шығар әлі. Ал бүгінгі таңдағы пошташының қызметі де осындай, тек басқаша сипатта, әрі ұсынатын қызметі де сан түрлі. Қазіргі заман талабына сай жылдамдық, ыңғайлылық, қолжетімділік бұл салада да орын алған.

Жалпы,қазақстандағы пошта қызметінің  өзіндік тарихы бар. Сонау патшалық Ресей заманында 1860 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында өз жұмысын бастаған кәсіпорын. Осы  аралықта әртүрлі даму кезеңдерін, құрылымдық өзгерістерді бастан кешті. 1993 жылы қазан айында бұрынғы Байланыс министрлігінің құрамындағы біртұтас «Байланыс» саласынан бөлініп шығып, дербес шаруашылық субъектісі болды. 1995 жылы қарашадан бастап республикалық мемлекеттік кәсіпорын. ҚР Үкіметінің «Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты кәсіпорындарды қайта құру туралы» 1999 жылы 20 желтоқсанда «Қазпошта» АҚ болып қайта құрылды. Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі – 100 пайыз. Ал, 2006 жылғы 23 ақпан айынан бастап «Қазпошта» АҚ мемлекеттік акциясы «Самрұқ-Қазына» қорына өтті. 2012 жылдан бастап «Қазпошта» мемлекеттік салым бағдарламасы «Халықтық IPО»-ның брокерлік және трансфер-агенттік қызметтерін көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан поштасында 22 мың адам кызмет істейді,  ел ішінде 3200-ден астам бөлімшесі, 14  облыстық филиалы, екі почтамп пен рес-публикалық маңызды 3 филиалы бар. Қазпошта АҚ-ның барлық қызметі тұтынушылардың сені-міне қол жеткізуге, отандық пошта-жинақтама, логистикалық, брокерлік-дилерлік қызмет ры-ногында, тұрақты даму саласында көшбасшылық орынды иеленуге деген құлшынысқа, қазақстандық поштаның әлемдік қызмет на-рығындағы экономикалық пози-циясын нығайтып, имиджін көтеруге бағытталған. Филиалда «бетпе-бет» принципі бойынша «бір деңгейде қызмет көрсету» форматында бөлімшелер ашыл-ды.

Сонымен бірге компанияда пошта жіберілімдеріне, мейлі ол тапсырыс хат, бандероль немесе посылка болса да оған осы заманғы бақылау жүйесі енгізілген. Жіберілімдер қозғалысын бақылаудың екі жолы бар: біріншісі –Қазпошта АҚ сайты «POST.kz» кіру, екіншісі – кез келген ұялы байланыс операторының 1499 нөміріне қоңырау шалу. Екі жағдайда да тұтынушы пошта жіберілімдерінің қозғалысы жайында анықтама ала алады.

Бизнес-жоспарға сәйкес пошта бөлімшелерін мате-риалдық-техникалық қамтамасыз ету жайы жақсарып, қол еңбегін көп қажет ететін үрдістер автоматтандырылуда. Пошталық қызмет көрсетудің жылжымалы формалары, дис-танциялық қызмет көрсету енгізілуде. Сонымен қатар, біздің филиалдың барлық бөлімшесі тұрғындарға қар-жылық қызмет  де көрсетеді. Олардың  қатарында  – SALEM,  TENGE WESTERN UNION, Юнистрим сияқты шұғыл ақша аударылымын жіберу, барлық салық және коммуналдық төлемдерді төлеу қызметі бар. Бүгінгі күні көптеген зейнеткер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері өз алымдарын (зейнетақысы мен еңбекақысын) Қазпошта АҚ карточкасымен алады. Қазпошта АҚ мемлекеттік қолдау есебінен 7 негізгі салық төлемін еш-қандай комиссиясыз қа-былдайтындығын көпшілік біле бермейді. Қазпоштаның кез келген бөлімшелерінен «Хоум Кредит Банк» АҚ, Альфа Банк АҚ,  АзияКредит Банк АҚ, Еуразиялық банк АҚ және АТФ банк АҚ серіктес банктерінен несие  рәсімдеуіне мүмкіндік бар. Екінші деңгейдегі негізгі банктердің несиесін өтеу есебіндегі төлемдерге де комиссия алынбайды. Қазақстанның кез келген жерінде «Қазақстанның тұр-ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ,  «Хоум Кредит Банк» АҚ , «Еуразиялық банк» АҚ депозиттерін ашуға болады. Кез келген бағытқа Темір жол және Авиа билеттер сатып алуға болады. Кредиттік тарихты білуге және «АСКО», Еуразия сақтандыру компанияларына автосақтандыру жасауға мүмкіндік бар.

«Қазпошта» бүгінгі күні даму үстінде, тұрғындар поштаның барлық ауылдық бөлімшесінен Қазақстанның кез келген нүктесіне шұғыл ақша аудара алады, ол небары 1 минуттың ішінде жетеді. Автокөлік иелеріне жаңа қызмет түрін ұсынудамыз. Сонымен қатар  қазақстандықтар Қазпоштаның барлық бөлімшесінен жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін айыппұлдың бар жоқтығы жайында ақпарат алып, ақысын төлей алады.

2006 жылғы мамыр айында Қазпошта бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметтерді көрсету бойынша компания қызметін кеңейтуге мүмкіндік беретін трансфер-агенттік қызметтерді көрсетуге лицензия алды.

Қазіргі уақытта Қазпошта АҚ бағалы қағаздар нарығында өз қызметін   белсенді түрде дамытуда. Соңғы жылдары қазақстандық пошта Қазақстан Республикасының аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді қадағалаудың автоматтандырылған желісін енгізу арқылы халықаралық ЕМS қызметінің сапасын та-бысты түрде дамытуда.  Қазіргі таңда халықаралық «IPSLight» қадағалау желісі барлық облыс оралықтарында орнатылған. Пош-ташылар тарапынан мерзімдік басылымдардың таралымының көбеюі үшін белгілі бір жұмыстар атқарылуда. Бұл орайда, облыс, қала, аудан әкімшілігінің және шаруашылық басшыларының баспасөзге жазылу науқанының жоғары  деңгейде өтуін қамтамасыз етіп келе жатқандығын ерекше атап көрсету керек.

Өздеріңіз білетіндей, биыл-ғы жыл бізге онайға соққан жоқ. Халықтың жағдайын ойлап, карантин кезінде 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемақыны үйде отырып алу үшін «Қазпошта»   онлайн-шот қызметін іске қосты. Ол Қазпоштаның виртуалды картасы.

Виртуалдық қартаны post.kz сайтында ресімдеуге мүмкіндік болды. Және  тегін ашылады,  пайдалану ақысы алынбайды. Оны зейнетақы, жәрдемақы және алименттерді алудан басқа, интернет арқылы тауарларды қауіпсіз сатып алуға пайдалануға болады.  Сонымен бірге MyKazpost деп аталатын мобильді қосымшасын іске қосты. Енді  барлық онлайн-сервисi OS пен Android құрылғыларының иелері үшін бірдей әрі ыңғайлы қосымшада болады. Оның көмегімен пошталық жөнелтімнің мекенжайын тез әрі оңай анықтап, пошта индексіңізді білуге болады.  Ең жақын пошта бөлімшесін картадан тауып, оның жұмыс істеу уақытын біліп, жетудің ең ыңғайлы жолын көруге мүмкіндік бар. Ұлттық пошта операторының қызметтері туралы үлкен ақпараттық бөлім, жөнелтудің құнын есептеп курьер шақыруға сұраныс жіберетін тарифтік калькулятор да бар. Ал, жуырда тұтынушылардың қызмет деңгейін бағалау, фотосуреттен электронды пошталық карточка жасау мүмкіндігі, сауда-саттықтың жағдайы жөнінде ақпаратты ұсынатын жаңа мүмкіндіктер де іске қосылады.

2018 жылы біз өз клиенттерімізден қашықтықта болу үшін серіктестік желіні іске қостық.  Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша 36 серіктес кәсіпкерлермен жұмыс істеудеміз. 44 се-ріктес желісі Қазпоштамен ынтымақтастықта.  Серіктес желісінде сәлемдемелерді қабылдау және беру үшін ғана емес, қаржылық және агенттік қызметтерді де ұсынады.  Мысалы, облыс орталығында  Қазпошта бо-йынша 5 серіктес желісі қызмет көрсетеді.

Бүгін біз пилоттық режимде Қазпоштаның 8 бөлімшесін серіктес желісімен алмастырдық. Жыл соңына дейін тағы  49  бөлімшені  серіктес желісіне ауыстыру жос-парлануда. Клиенттер серіктес желінің жұмысына  риза, өйткені олар үшін жақын жердегі серіктес желісіне бару ыңғайлы. Қазір мүлікке, көлікке, жерге және басқаларға салықтар өте көп төленуде. Серіктес желісінде кезек күтпейсіз, басқа төлемдер жасау үшін де алысқа барудың қажеті жоқ. Мұндай  жолды таңдаудың өз себебі бар. Жылдан-жылға ұсынушы саны көбейіп келеді. Әрі шетелден тауар, сәлемдеме алдыру да артқан. «Халықты ұзын-сонар кезекте тұрғызбай, қызмет сапасын арттыру үшін филиал санын көбейту керек. Ал бұл – үлкен шығын. Сондықтан көптеген жерде серіктес желісін ашпақпыз.

Бүгінге дейінгі  жеткен жетістіктеріміз Қазпошта АҚ облыстық филиалының әрбір ұжым мүшесінің  маңдай тері мен тынымсыз еңбегі, олардың кәсіптік шеберлігінің арқасы дер едім. Осы орайда  осы салада еңбек етіп келетін барша  ұжым мен пошта ардагерлерін, әріптестерді Дүниежүзілік        пошта күні  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Оларға мықты денсаулық,  тынымсыз еңбектеріне зор табыс,  отбастарына бақыт тілеймін.

Филиал басшылығының атынан филиалдың дамуы мен жетістіктеріне атсалысып, еңбек етіп жатқандарға шексіз алғысымызды білдіремін.

 С. ӘЙТЕНОВА.

Кілтсөздер:ӘРТҮРЛІ


ПІКІР ЖАЗУ