Өңір активімен кездесті

0
2573

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған Ақпараттық ағарту штабының мүшелері өңір активімен кездесті. Онлайн-форматта өткен жиынға облыс әкімі Амандық Баталов төрағалық етті. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы кеңінен шолу жасады. Сол сияқты Алматы облысының сервистік әкімдік, ашық бюджеттің интерактивті картасы, Open space форматында жұмыс істеу бағыттарындағы аяқ алысы туралы қысқаша айтып өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін айтты.
Сол сияқты Агенттіктің Ақпараттық – ағартушылық штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада сөз алып, жемқорлық дертінің алдын алу, азаматтық ұстанымның рөлі, отаншылдық қасиетті шыңдау жайлы сөз қозғады.
Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов облыста мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ