САЙЛАУ: Партиялар қызу дайындықта

0
2662

Кеше:
— Уа, кімсіз?
— Ыбыраймыз.
— Жаймысыз?
— Жаймыз.
— Уа, қайдан келесіз?
— Сайлаудан келеміз.
Елге ойран сап
Ойнаудан келеміз.
Төске таққан шеніміз бар,
Патшаға жаққан ебіміз бар,
Құдайға шүкір,
Қойдан жуас,
Момақан ғана еліміз бар.
Біз бай,
Біз құдай!
Күш сынасса,
Жым болады — дейтін Бейімбет Майлиннің сатирасы тура бүгінгі қоғамға дөп келіп тұр. Сайлаудың дүбірі естілді. Билік партиясынан бастап, «Ақжол», атауын «Халықтық» партия деп қайта өзгерткен көсемі 83 жастағы Владислав Косарев кешегі коммунистер аттарын баптап жатыр. Партиялық ті-зім бойынша Парламент пен жергілікті мәслихатта сайла-натын депутаттарын тізімдеп, елге интернет желісі арқылы есеп беріп, етек-жеңдерін жинап жатыр. Сайлау басталарда ұйықтап жатқан аты барда, заты жоқ партиялар да, көзбояған сиқыршыдай халықтың алдында сан құбылады. Болмаса, көздерінің былшығын сүртіп, «бұл әділетсіз сайлау болады, байкот жариялаймыз» дейтіндері тағы бар. Жиі-жиі ереуілдетіп жүрген, бірақ, заңды түрде тіркеле алмаған, биліктің қолайына жақпаған Жанболат Мамай бастаған «Көше партиясы» төрағадан төраға қоймай, бірін партияларынан шығарып, бірін қабылдайтын іштерінен іріп, ауыз бірліктері қашқан, кезінде Жармұқан Тұяқбай басқарған ЖСДП-да тізімде жүр. «Бәрін айт та, бірін айт, комсомолдың жырын айт» демекші, бұл сайлауда тізім бойынша алты партия қатысатыны белгілі болды. Мәжіліс сайлауына Қазақстанның «Халық» пар-тиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ақ-жол» демократиялық партиясы, «Nur-Otan» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық пат-риоттық партиясы.
«Елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай» деп қайсы әйел айтты екен дейсің де. Парламентке өткен партиялар-дың арасында «Ақжол» партиясы жиі үн қатып жатады. Билік пар-тиясы ежелден мысы басым, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізеді. Ал, енді коммунистер не тындырды? Оның көсемі Владислав Косарев жерден топырақ бұйырмаған Ленинді Қазақстанға әкеп жерлеу керек дегеннен басқа ел қолайына жағатын бір бастама көтермепті. Керісінше қалғып отырғаны тәмам жұртқа жария болды. Оның үстіне Парламент пен сенатта отырған кәрі-құртаңдар жаңа сайлауда орындарын өздері біліп босатып бере ме? Жоқ, ажал келіп алмайынша, жылы орнымда жұмсағымды қылы ие-гіммен шайнап отыра берем, тізім бойынша өтіп тұрмын десе не болады.

Айтпақшы, атауын өзгерткен Коммунистік партияның басшысы Владислав ақылды екен. «Мен жаңа сайлауға түспеймін және халықтық партияның мүшесі де болмаймын. Коммунист болып қала берем, керісінше коммунистік партияға мүшелікке кіргісі келетіндер көп» деді.
Жаңа Парламенттік сайлауға жастар көптеп тартыла ма? Олар тізім бойынша өте қалғанның өзінде, мінберлерден елдің мұңын мұңдай ала ма? Жоқ, әлде, саясаттың салқыны ұрып, енесін түртпектеп сүт сұраған тананың күйін кеше ме? Демократиялық үрдістің шоғын алаулата ала ма, міне, гәп осында!..
Осы алты партияның арасында бұған дейінгі сайлауларда сайысқа түсіп, Парламенттік партияға айнала алмаған, ұдайы ауыл халқының мұңын мұңдап, жоғын түгендеп жүрген «Ауыл» халықтық-

демократиялық партиоттық партиясы (төрағасы сенат депутаты Әли Бектаев) бастаған ауылдықтар алдағы өтетін сайлауда: «Егер әділік болса, «Nur-Otan-нан» басқа партияларды шаң қақтырамыз» деп белдерін буып, қамшыларын екі бүктеп Талдықорғандағы «Достық» үйінде конференция өткізді.
«Онлайн» желісінде өткен конференцияда Отанның да-муына, ел экономикасының қарыштауына сүбелі үлес қосып жүрген ауылдықтар ағынан жарылды. Конференцияда сайланған, аумақтық партия ұйымдарының атынан өкілдік етететін 56 делегат қатысқан жиында үш мәселе қаралды.
1. «Ауыл» халықтық-демокра-тиялық патриоттық партиясының жобасын талқылау туралы;
2. Алматы облысы бойынша «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық, қалалық және аудан мәслихаттарының депутаттығына ұсынылған кандидаттардың партиялық тізімін бекіту;
3. «Ауыл» халықтық-демокра-тиялық партиясының он сегізінші съезіне делегаттар сайлау туралы және осы кезеңге дейін «Ауыл» партиясының атқарған жұмыстары туралы Алматы облыстық партия филиалының төрағасы Қанат Ботайұлы Бекеев баяндама жасады. Қазақстан бойынша 300-ден астам мүше бар, партия 2016 жылы одақтық сайлауға, 2019 жылы президент сайлауына қатысқанын, партияның серкесі ҚР сенатының депутаты, аграр-лық комиссия төрағасы Әли Әбдікәрімұлы Бектаев бастаған партия осы уақытқа дейін көп шара өткізгенін тілге тиек етті. Алматы облысы бойынша 17 аудан мен 3 қалада аудандық филиалдар бар, 20 мыңға жуық партия мүшесі бар екенін, партия парламенттік партия болуды алға мақсат етіп отырғанын айтты. Тек қана аграрлық саламен айналысып қоймай, ауыл тұрғындарының урбанизацияны бастарынан кешкенін, олардың жай-күйіне, әлеуметтік және инжинер-лік инфрақұрылымдарының жағдайына тоқталып, ауылдағы жұмыссыздық деңгейінің артуына баса назар аударды.
«Қоғамның зор күш-жігерімен және мемлекеттің қомақты қаражат салуымен ауылдағы жағдай тұрақтандырылды. Алай-да, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдың әлеуеті әлі күнге дейін толық көлемде пайдаланылмай келеді. Жоғарғы сапалы, табиғи ауылшаруашылық өнімдерін шығара отырып, біз шет елдерден әкелінген суррогат, ГМО тауарларды тұтынамыз.
Ауыл біздің дәстүрлі құнды-лықтарымыздың тамыры мен қайнар көзі, қиын уақытта халқымыздың мәдени кодын сақтай алатын моральдық және адамгершілік дәстүрлеріміздің өзегі» – деген партия филиалының төрағасы Қанат Бекеев дәстүрлі құндылықтарға негізделген ұлт-тық идеологияның жоқтығы өз бастаулары мен ұлттық бірегейлігінен алыстаған ұрпақты тудыратынын да айтты. Сондай-ақ, жеті бағыттан тұратын өз бағдарламасын ұсынды:
1.Халық рухын жаңғырту. Азаматтық өзіндік сана-сезімді жаңарту. Мемлекеттік тілді нығайту.
2.Отбасы мен ананың рөлін арттыру.
3. Жастар – өзгеріс факторы.
4. Ауылды өркендету – мем-лекеттік саясаттың стратегиялық мақсаты.
5. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының жүрегі.
6.Қуатты кәсіпкерлік –өркендеген ел.
7. Сындарлы сыртқы саясат.
Ақшабай Дүйсенұлы Керімбеков: – Бес жылдан бері фермерлер одағын басқарып келемін. Ауылшаруашылық мә-селелері әрдайым көтеріліп келеді, бірақ, жолға қойылған дүниелер әлі де тиісті нәтижеге жете алмады. Қазіргі таңда ауылшаруашылық саласына үл-кен көңіл бөлінуде. 2022 жылға бағдарлама дайындалуда, сол бағдарлама нәтижелі болсын дейміз. Алыс аудандарда ин-фраструктура, жол, интер-нет жоқ, бұл қалыппен ауыл шаруашылығын дамыту қиын. Біз «Ауыл» партиясымен бірігіп шаруашылықтағы басты үш мәселені айтып келеміз. Енді келешекте осы мәселелер шешілуге жақын, қазір бастысы қаржыландыру. Миллиардтаған қаржы бөлінгенімен, нәтижесі жоқ. Қаржыландыруға үлкен шаруашылықтар қол жеткізіп, кішігірім шаруашылықтар тыста қалып қояды. Сол себепті, шағын несие мәселесін де шеше алмай келеміз. Екінші, жанармай мәселесі. Бұл мәселе шешімін таппады. Өздеріңіз білесіздер, республикамызда жанар-жа-ғармайдың бағасы аспандап тұр. Мұндай баға бірде-бір мемлекетте жоқ. Бұрындары 3-4 пайыз болса, қазіргі жағдайда ол 25-30 пайызға жетті. «Ауыл» партиясының бағдарламасында осы жанармай мәселесін көтеріп отыр. Оңтайлы шешімін табады деп сенеміз. Одан кейінгісі – жер мәселесі. Барлығымызға белгілі жерді сату керек, жалға беру керек деген мәселе көтерілді. Осыған фермерлер одағы түгелімен қарсы тұрдық. Шетелдіктерге жалға беру деген дұрыс емес. Бұл мәселе де «Ауыл» партиясының бағдарламасында бар. Ал, енді ауыл инфраструктурасы. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтермей, жол жөнделмей ауыл халқының жағдайын жақсарту мүмкін емес. Қазір көкейдегі ең үлкен проблема – су мәселесі. Осындай көкейкесті мәселелерді шешу үшін жұмыс істеуіміз қажет.
Айтақын Мұхамади:
– «Ауыл» партиясының жеті бағдарламасының ішіндегі ең құндылығы ауылдың мәдениеті, отбасы құндылығы, тіл мәселесі. «Айта, айта, Алтайды, Жамал апам қартайды» дегендей, біз 30 жылдан бері тіл мәселесін жырлап келеміз, бірақ, 30 қадам жер жылжыған жоқпыз. Алматы облысы Шалбай Құлмахановтың кезінде 2007 жылы іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшкен. Сол кісі кеткеннен кейін істің бәрі кері кетті. Қазір қай жиынға барсаң да залда 99 пайыз қазақ, 1 пайыз өзге ұлт болса, біздің әкім-қаралар баяндаманы орыс тілінде де оқиды. Яғни, екі тілде жасайды. Бұдан кейін біз қалай көркейеміз. Ауылдағы құндылық дейміз, тіпті қала іргесіндегі елді мекендердің өзінде мәдениет үйі жоқ. Ауыл мәдениетінің деңгейін осыдан-ақ көруге болады. Отбасы құндылығы дейміз, екі күннің бірінде жастар ажырасып жатыр. Мына отбасы неке туралы заңды Парламентке қайта қарауға ұсыныс жасау керек. Алаяқтықпен айналысып жүрген әйелдер көп. Қарызданып, қауғаланып, отбасы білмей ақыры ажырасуға әкеледі. Бұл – ортадағы балаға психологиялық соққы болуда. Егер шаңырақтың шайқалуына әйел себепкер болса, әкесі баласын асырай алатын болса, баланы әке-шешесіне жығып беретін заң жасау керек. Отбасының құндылығын әйел сақтау керек. Егер қасындағы қосағымен ақылдасып отырмаса, одан жақсы отбасы шықпайды. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді мектепте қайтадан сіңіріп оқыту керек. Үлкенді сыйлауды қойдық. Бұл жерде ер азаматтың да кінәсі бар. Сол үшін отбасы неке туралы заңды қайта қарауға атсалысу керек.
Конференцияда интернет желісінің нашарлығына байла-нысты аймақтардан сөйлеген делегаттардың даусын үнтаспаға жаза алмадық. Жиын соңында жергілікті мәслихатқа 81 канди-даттың тізімі ұсынылды. Сондай-ақ, «Нұр-Сұлтан» қаласында өтетін съезге облыстық партия филиалы атынан төрағаның баратыны да айтылды.
Келер жылдың 10 қаңтар күні Мәжіліс сайлауы мен жергілікті мәслихаттар сайлауы қатар өтеді. Ақиқатында бар мүмкіндік партиялар арасында Мәжіліс сайлауына екпін салып, мәслихаттар сайлауы елеусіз ғана өте салады. Ал, көпшілік партиялардың әлеуеті бұған жетпейтінін интернет желілері жазуда.

А. ДІНИСЛАМ.


ПІКІР ЖАЗУ