Еңбек ардагерінің үйінде

0
847

 Іле ауданындағы үгіт насихат  жұмысы аясында «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанболат Жөргенбаев канвассинг кездесу өткізді.

Еңбек ардагері, көп балалы ана, халық ағарту ісінің озық қызметкері, мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызының үйінде болып, ардагердің ақ батасын алды.

Төрткен апамыздың әкесі Кенен Әзірбаев халық ақыны, сазгер, әнші. Кездесу барысында Жанболат Әкебайұлы үй иесімен жылы сұхбаттасып, келген мақсатын айтып, партияның сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталды. Төрткен Кененқызы партия жасап жатқан игі бастамаларға тілектестік танытып, сәттілік тіледі. Үміткер Жанболат Әкебайұлы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Соңынан ардагерге қажымас қайрат, мықты денсаулық тіледі.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.


ПІКІР ЖАЗУ