Медицина өрісі кеңейеді

0
1652

 Биыл жер жүзі  үшін үлкен сынақтар жылы болды. Коронавирустық пандемия адамзат өмірін өзгертіп, көп жағдайға басқаша қарауға мәжбүр етті. Қоғамның басты құндылығы адам өмірі мен денсаулығы екенін түсінді.

Бүгінде барлық азамат «Nur Otan» партияcынан нақты мәселелерді шешу мен тың бастамаларды күтуде. Осы орайда облыстық маслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Әлиев денсаулық сақтау қызметкерлерімен әлеуметтік желіде кездесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» атты партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Эфирде алдағы жылдары денсаулық сақтау саласында атқарылар жоспарлар мен мақсат-міндеттері сөз болды. Желі қолданушылары тарапынан түскен  сауалдарға үміткер Нұрбол Әлиев жауап беріп,  аталған жоспарлардың жүзеге асуына ықпал жасайтынын жеткізді. Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанын жеткізді және жоғары баға берді. Сондай-ақ, 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын айтты. Үміткер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін  тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін  «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы облысының

 Сайлау қоры  қаражатынан  төленді.  


ПІКІР ЖАЗУ