Облыстық аурухана дәрігерлері төсбелгі тақты

0
1196

Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың   33 қызметкері   «Ақ жол» демократиялық партиясының   Президумы атынан  «COVID-19 жанқиярлық күресі  үшін» төсбелгісін тақты. Бұл марапатты  партия төрағасы Азат Перуашев арнайы келіп табыстады.

Талдықорған қаласына   келген «ақжолдықтарды» облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Рустам Али, аурухананың бас дәрігері   Анарбек Моңғолхан  қарсы алды. Сапар барысында Партия көшбасшысы    аурухана жұмысымен танысты,  жансақтау бөлімінде болды. Оған коронавирустық инфекциямен күрес аясында алынған мекемедегі  соңғы жабдықтар көрсетілді.

Мұнан  кейін медициналық мекеменің мәжіліс залында  Партия төрағасының  қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті,   коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте болған  дәрігерлерге партия атынан төсбелгі табысталды.

Өз сөзінде  Азат Перуашев   пандемиямен  күресте  жан аямай еңбек еткен дәрігерлерге алғысын жаудырды. Өкінішке орай,  індетпен күресте көз жұмған медицина қызметкерлері  арасында  облыстық  ауруханадағы  интенсивті терапия, жансақтау және анестизиология бөлімінің меңгерушісі Абай Сахариев те бар.

Бүгінгі күннің батырларына арнайы төсбелгіні табыстауда Партия төрағасы  «COVID-19  жанқиярлық күресі  үшін» төсбелгісін алдымен  кеселге шалдыққандарды емдеу барысында індетке шалдығып қайтыс болған  жансақтау бөлімінің меңгерушісі Абай Сахариевтің жары Гүлмира  Тоқбаеваға табыстауды жөн көрді.  Бұл  ретте Азат Перуашев  дәрігерге тиесілі төсбелгіні  ұлы Жанайдар Абайұлының кеудесіне тақты.

Ал «ақжолдықтардың» көрсеткен ықыласы мен құрметіне  дәрігерлер  шынайы алғысын білдірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

 

 

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ