Оңалту бөліміндегі оңды істер

0
1426

Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының емдеу қалпына келтіру және медициналық оңалту бөлімінде бүгінге дейін 300-ден астам емделуші ем қабылдады.

Аталмыш бөлімнің меңгерушісі Ақмарал Байғонұсова бастаған тәжірибелі дәрігерлер инсульттан кейін келген емделушілердің сөйлеуі мен жадысын (есте сақтау қабілетін), өзге де когнитивті бұзылуын қалпына келтіруге бар күштерін аямайды.

 

 

Оңалту курсы әр емделушінің ыңғайына қарап таңдалады. Мұнда келген соң олардың әр күні минутпен жоспарланып, белгіленеді. Ал олармен арнайы психолог Жақсылық Сәметов пен кәсіптік терапевт Сәбира Қарабекова жұмыс істейді. Кинезотерапевт дәрігерлері тренажерлардағы жаттығулардың көмегімен аяқ-қолдары жұмыс істемей қалғандардың қимылдарын қайта қалпына келтіруге барынша көмектеседі.
Емделушілер массаж, қозғала алмай қалған аяқ-қолдарды қалпына келтіруге электростимуляциялау және физиотерапия, босс терапиясы, оттегі терапиясын алады. Сонымен қатар мұнда музыкамен де емдейді.
Дәрісіз (таблеткасыз) емдеудің тұтас кешені, қозғалыс, оң көзқарас олардың жоғалған моторлық функцияларды қалпына келтіруге, асқынулардың алдын алуға және қалыпты өмірге тез бейімдеуге көмектеседі.Бастысы – оңалту уақытын жіберіп алмау қажет, содан кейін ғана емделуші толық қалпына келеді.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ