«ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГТЕРІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» байқауының жеңімпазы

0
1546

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог- куратор-ұйымдастырушысы Фариза Тұрарова «ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГТЕРІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» республикалық байқауына қатысып, 2021 жылдың нәтижесі бойынша «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі» төсбелгісімен,
І дәрежелі дипломымен марапатталды.

«BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың қол- дауымен өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен шебер ұстаздар қатысқан. Бай-қау жеңімпаздары білім беру саласында нәтижелі еңбек етуші, біліктілігін растайтын сертификаттары мен эсселері, еңбек өтілі бойынша атқарған қызметтері жазылған өмірбаяны, әрі еңбек нәтижелері бойынша анықталды.
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мек-тебінің педагог-куратор-ұйым-дастырушысы Фариза Тұрарова бірнеше педагогикалық байқау-ларының жеңімпазы, оның ішін-де «Ұлы дала ұстазы» атты республикалық конкурсында «Үздік арнау өлеңі» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом иегері, «Үздік педагог — 2020» байқауында үздік танылып, І орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Фариза шығарма жазып, өлең-жырларын да жарыққа шығаруда.«Әлем сүйген қазақ-тың ұлы Абайы» эссесі мен өлеңі «Ұлы дала ұстазы» халықаралық журналына басылып, жарияланды.
«Назарбаев Зияткерлік мек-тебі – жетістік пен білімді шыңдаудың жалғасы. Үздіктер үшін дайындалған сынақтан өтіп, дарынды балаларға арналған мектепте білім берудің өзі мен үшін жетістік» – дейді жеңімпаз.
Өмірін ұстаздықпен ұштас-тырған Фариза Тұрарова оқу-шыларын тек біліммен ғана сусындатып қоймай, түрлі жобалар арқылы олардың бойларына қазақ елінің салт-дәстүрі мен тағылымды тарихын да сіңіруде.
«Бүгінгі баланы халқы-мыздың жарқын болашағы жолында еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын атпал азамат ретінде қалыптастыра алсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны» – деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.


ПІКІР ЖАЗУ