«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы аясындағы көмек

0
1422

Әлемді жайлаған жұқпалы дертпен күресуде өз басын қатерге тігіп жүрген дәрігерлер  еңбегі өлшеусіз.  Тәжді тажалмен  күресіп,  адам өмірі үшін арпалысып, уақытпен санаспай,  өз антына адал болған  жандар  қайырымдылық  шарапатын жасауды да  жадыларынан шығарған емес.

«Қайырымдылық әр адамның қолынан келеді. Тек таза ниет болса жеткілікті» деген  қағиданы  ұстанған Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханасының  кәсіподақ комитеті   осы мекемеде  еңбек ететін медицина қызметкерлерінің балаларына арнап  «Мектепке жол» циясы аясында көмектерін берді.

Шара аясында  аурухана директоры Анарбек Монгол,  кәсіподақ комитетінің төрайымы  Сәуле Тыныштыққызы  бастаған медицина  ұйымының ұжымы    өздерімен қатар еңбек ететін  көп балалы,  әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына  жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті құрал-жабдықтарын алып берді. Сонымен қатар қауіпсіздік шарасын сақтау үшін балаларға  медициналық бетперде мен антисептиктер де табысталды.

«Бұл шараның мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмектесу ғой.  Сондықтан біз де  ұжымымыздағы  қызметкерлер арасында   осындай  7 отбасына қолдан келгенше көмегімізді көрсеткіміз келді.  Қазіргі  қиын сәтте  адам өмірі үшін арпалысып, уақыттарымен санаспай, күні мен түнін ауруханада өткізіп келетін  әріптестеріміздің   балаларына көмектесу арқылы олардың да көңілін көтергіміз келді. Бұл ізгі шара ары қарай да жалғасын табатын болады. Өйткені, қайырымдылық жасау – әр адамның азаматтық парызы деп есептеймін»,  – дейді аурухана директоры Анарбек МОНГОЛ.

Талдықорған қаласындағы облыстық

аурухананың   баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ