21 кг қоқыс жинады

0
1014

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Letwik әлеуметтік эко-жобасын қолға алды.

Жобаның мақсаты – әр апта сайын  оқушылар айналаны тазарту марафонына шығады. Мәселен,  олар бірінші күні 21 кг қоқыс жинап үлгерді.

 Әлеуметтік жобаның белсенділері 10 сынып оқушылары Арнұр Емберген мен Нұрсұлтан Ерланұлы. Айтуынша, аумақтарды тазарту – бұл олардың жобасының бастамасы, болашақта эко-волонтерлер қоқысты сұрыптауға тырыспақшы.

– Біздің  жобаның ұраны –   «Жүрдім, байқадым, жинадым». Біз бір реттік акциялар форматынан тұрақты түрде жалғасатын жобаға көштік. Эко марафон тұрақты болуы керек. Кез келген адам жобаны қолдай алады, сонымен қатар Letwik эко-қозғалысының мүшесі бола алады. Ол үшін  Letwik.nis инстаграм парақшасына жазылып,  «эко өмір» стилінде бізбен бірге болыңыз, – дейді   жоба бастамашыларының бірі Арнұр.

Сонымен қатар ол  болашақта кез келген адамның экологиялық сана деңгейі экология саласында жаһандық шешімдер қабылдамаса да, табиғатқа бей-жай қарамайтын болып шығуы мүмкін екендігін,  әлемде әрбір адам экологиялық білім алуы керек деген пікірде.

С. БАЗАРҚҰЛОВА.


ПІКІР ЖАЗУ