Екі мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

0
1114

Ақсу ауданында  12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі күні  ауданда вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны  22 082 адам,  бұл 101 пайызды  құрайды, екінші компонентті – 21 290 немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың  98 пайызы    алды.

Сонымен қатар, Ақсу өңірінде  жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында  да вакцинация жұмыстары белсенді жүргізілуде.  Ауданға 1902  доза Комирнати вакцинасы келіп түсті.

Жалпы, екпе алған және ревакцинация курсынан  өткендердің қатары 1115 адамды  құрайды. Ал вакцинацияланғандардың   874-і  12-17 жас аралығындағы жасөспірім  болып табылады. Мұнымен қатар 16 және 37 апталық жүкті кезеңіндегі 93 және  лактация кезеңінде 178 әйел бар.  Қаңтар айының  24 жұлдызына дейін ревакцинациядан   2165 адам өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ