Жаңа басшы БАҚ өкілдерімен кездесті

0
1073

Аңыз-әпсанаға  құлақ түрсек,  бақ адамның бірінші аяғына, сонан соң кеудесіне, онан кейін басына қонақтайды деседі. Сол бақытты   үркітпей-шошытпай ұстап қалу  кез келген адамның қолынан келе бермейтінін қанды қырғынға айналған қаңтар оқиғасы көрсетті.

«Құстың сүтінен басқаның бәрін ішіп-жеген, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болған алтын тақта отырған патшадан бастап, оның нөкерлеріне дейін бастарына қонған бақыт құстарын үркітіп алды. Қалың бұқараның толқуы олардың  арасына кіріп кеткен арандатушылар мен террористер, бүлікшілер бейбіт елдің берекесін алды. Қанды қырғын салды. Қауіп-қатер төнгенде кеудесін оққа төсеп, халыққа басу айтып, қылмыскерлерге тойтарыс береді деген әкімқаралар мен құқық қорғау органдарының басшылары олардың орынбасаларына дейін ізім-қайым жоқ болып кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табандылық танытып,  мемлекетті сақтап қалды. Болары болды,  бояу сіңді.  Кімнің-кім екенін уақыт көрсетті. Айтпағымыз бұл емес.

Алматы облысы Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Ол 2-ші ақпан күні  журналистер қауымымен жүздесті. Өзінің өмірбаяны туралы қысқаша айтты. Арыстанғали  Расылханұлы Заппаров 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы, хас батыр Бауыржан Момышұлы туған өлкеде дүниеге келгенін,  Қазақ ұлттық университетінің тарих пәні бойынша, Қазақстан Республикасы ІІМ академиясының заң институын бітіргеніне тоқталды.  Еңбек жолындағы дерекке көз жіберсек,  Алматы,  Степногорск қалаларының,  Ақмола  және  Ақтөбе облыстарының полициясында жұмыс ітеген.  Ішкі  істер министрлігінде  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы,  2019 жылы Қызылорда облысының Полиция департаментінің басшысы, Президенттің өкімімен Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Генарал майор Арыстанғали Расылханұлы күрделі кезеңде ақпарат құралдарына арқа сүйейтінін, өзі де фейсбук желісінен өзіне парақша ашқанын, бұқарамен тығыз қарым-қатынас жасайтынын айтты. Сондай-ақ,  облыстағы криминалдық ахуалға тоқталып, соңғы екі жылда Алматы облысында қылмыстық көрсеткіштің төмендегенін, тек мал және ұрлық қарлықтың  бәсеңдемей тұрғанын  айтты. Сондай-ақ, қызметтік салада, полицияның беделін көтеруде бірқатар жоспарлары барын тілге тиек еткен бас полицей,  генарал мойорға жураналистер қауымы да қаңтар оқиғасына байланысты көкейкесті мәселерін көлденең тартты.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ