Ең көне Мешіт

0
1390

Сапар кезінде Диджле университетінде  Қазақстанда туып-өскен Ольга есімді жерлесімізді кездестірдік. Университетте болған іс-шараға ол аудармашы ретінде шақырылған. Біздің Қазақстаннан келгенімізді естіп, Ольга танысуға өзі келді. Осыдан 24 жыл бұрын бақытын Түркиядан тауып қоныс аударыпты. Бүгінде сол жақтың азаматшасы. Газиантеп қаласында тұрады.

Бұл жақта аудармашы болып қызмет етіп әрі тұрғындарға орыс тілінен сабақ береді екен. Ол Қазақстаннан қонақтар келді дегенде орнымда отыра алмадым дейді. Көз жанарында туған жеріне, алыстағы жақындарына деген сағыныш бар. Соңғы рет 2019 жылы Алматыда болыпты. Бір күнін бізге арнап аудармашы болды, түстен кейін қаланы аралауға бірге шықтық. Бізді ең көне мұсылман мешітімен таныстырды. Қолынан келген көмегінен аянбай, жақындарын көргендей болғанын жасырмады. Қандай да қажеттілік болса көмектесуге дайын екенін айтты. Менде оған сәттілік тіледім.

Жерлесіміз Ольга бізге ең көне мешіттің тарихын айтып берді. Бұл түрік жеріндегі ең алғашқы мұсылман мешіті саналады. Құрылысы 1091 жылы салынған. Бастапқыда шіркеу болған. Кейін  мұсылмандар Диярбакыр қаласын жаулап алғаннан кейін мешітке айналдырған. Қазір қаладағы ең көне әрі ең үлкен орталық мешіт болып саналады. Мұнда 25-30 мың адам бір сәтте намазға жығылады.

Туристердің назарын аударатын тағы бір жәдігер осы көне мешіттің аумағында тұрған күн сағаты. Күн сағатына түскен көлеңкеге қарап, мұсылмандар намаз уақытын анықтайды. Олардың айтуларынша, сағат осыдан 800 жыл бұрын қойылған.

Көне мешіт пен сағатты көру үшін жыл сайын орта есеппен 500-800 мың турист келеді.

Мәриям Бейсен

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ