Айтар алғысым шексіз

0
797

Любовь Скакова  Талдықорған  қаласындағы облыстық ауруханаға  өте ауыр халде түсті. Оның сол жақ бөлігі салданып, тілі күрмеліп, сөйлеуден қалған. Оған  ишемиялық инсульт диагнозы қойылды.

«Жедел жәрдеммен  облыстық  ауруханаға түскенім үшін Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын.  Мұнда өз ісін жетік білетін  дәрігерлердің қарауында болдым. Менің жағдайымды  көрген олар   бірден реанимацияға  жатқызып, қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысты. Уақытында көмек көрсетілмегенде,  жағдайымның  не  боларын кім білсін?!

Қазір ауруханадамын, ем алып жатқаныма тоғызыншы күн. Мұндағы білікті дәрігерлердің арқасында сөйлеп, қозғала  аламын. Осының барлығы адам жанының арашашысы болған дәрігерлер, медбикелер мен кіші қызметкерлердің арқасы. Олар күні бойы біздің қасымыздан табылады. 

Атап айтсам,  бөлім меңгерушісі Ақмарал Мырзаханқызы Байғонысова, Ақмаржан Ерболатқызы Тәшімова, Сымбат Самиолданқызы Жақиянова, Айжан Қабыкенқызы Сапарғалиева. Бұлардың дерлігі өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап,  ауруханадағы әр сырқатқа мүмкіндігінше көмектерін беруде. Осындай білікті де білгір медицина мамандары барда  денсаулық сақтау саласының мәртебесі де биік болары сөзсіз.

Облыстық ауруханадағы дәрігерлердің науқастарға деген қамқорлығына  өте риза болдым. Солардың көмегімен аяғымнан тік тұруға мүмкіндік туды. Бізге  массаж  да жасалды,  система мен уколдан бөлек барлық қажетті емдік шаралар қабылдадық. Мұндай  тегін емдік шараларды кез келген жер жасай бермейді. 

Ақмарал Мырзаханқызы үйде біраз болғаннан кейін  міндетті түрде реабилитацияға келуімді ескертті. Ауруханада біз сияқты инсульт алған, басқа да ауыр дертке шалдыққандар үшін осындай арнайы бөлім бар. Дәрігерледің   осындай  ауыр дертке шалдыққан бізді   ары қарай да емдеп, толық жазып шығуға  бар күшін салуға дайын екеніне тәнті болдым. Оларға деген алғысым шексіз. Күн-түн демей аяқтарынан түк тұра білетін абзал жандардың еңбегі жана берсін»,  –  дейді  Л. Скакова.

 Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың баспасөз қызметі.  


ПІКІР ЖАЗУ