Ауылда мәдениет үйі ашылды

0
563

Алакөл ауданына қарасты Ақтүбек ауылында мәдениет үйі  пайдалануға берілді. 

Жалпы алаңы 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты ғимарат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен салынған. Бірінші қабатында 150 орынды көрермен залы, қызметкерлер кабинеттері, асхана, медпункт, киім шешетін орын қарастырылған. Екінші қабатта би  залы, оқырман залы бар кітапхана, үйірмелер жұмысына және шаруашылық қажеттіліктеріне арналған бөлмелер орналасқан. Ғимараттың қатты отынмен жылытатын жеке қазандығы бар. Нысанның маңайы абаттандырылып, 30 жас шырша, қарағай мен емен отырғызылған. Құрылыс жұмыстарын «Алакөл-Асыл Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Ауылдықтарды қуаныштарымен аудан әкімі Алмас Абдинов құттықтады.

Жалпы Ақтүбек ауылындағы тұрғындардың тең жартысы – жастар, яғни олардың саны 520 адам. Сондықтан жаңа нысан жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың қоғамның рухани-мәдени өміріне белсене қатысуына мүмкіндік береді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ