Сарқан ауданының 9 айлық сараптамасы

0
569

Қойнауы құт пен ырысқа толы Сарқан ауданының жер көлемі 24,4 мың шақырымды құрайды. Қарасырық, Бір мойын, Ақшұнақ, Киікбай  Алатау тауларының баурайында ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ырыс пен ынтымақты ұйыстырып отырған аудан еңбеккерлері жылдың төрт мезгілінде  де  шаруадан қолдары босаған емес.

Диқаншылар ерте көктемнен жер тырмалап, қоңыр  күзге  дейін  күтіп  баптап, өнім өсірсе, малшы қауым көктемде көктеуге, жаз жайлауға, күз күзекке, қыс қыстауға қоныстап, малдарын тебіндетіп жайып, қыстық жем-шөбімен қамданумен әлек. «Мал баққанға бітеді, егін күткенге өнім береді» демекші, Сарқандық шаруалар енді көктемгі егістікке қам-қарекет жасаса, малшы қауым малды қыстан  қоңды алып шығып, көктемгі мал төлдету науқанына қызу дайындық жасайды. Жетісу облысы аграрлық сала болғандықтан құрамындағы сегіз аудан да ауылшаруашылығымен айналысады. Нарық  заманына орай жекеменшік дәуірді бастан кешіп, өнім өндіріп, оны сатып, әрі кәсіпкерлік шеберлігін шыңдап, өзіңе мол табыс тауып, өзгеге жұмыс беріп отырған кәсіпкерлер бұл ауданда да баршылық.

«Балапанды күзде санайды» демекші, тоғыз айдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері көңіл қуантуда. Ауыл  шаруашылығы саласында өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен  50 млрд  751  млн  теңгені құраған. Бұл  былтырғы  жылдың  сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда 115%-ды құраған  (2021 жылы  –  44 219,0  млн  теңге).

«Жылдық  жоспар  56  млрд  417  млн  теңге (2021жылы  –  52 951,5  млн теңге) болған. 413 гектар алқапқа егілген балтамырдан 17 919 тонна тәтті түбір алынса, астық саласы бойынша бүгінгі күнге дейін дәнді-дақылдардан 150 531,9 тонна өнім жиналған. Яғни 25,5 центнерден айналған.  Майлы  дақылдар  бойынша  жалпы  түсім  49821,7 тонна өнім алынса, орташа  өнім 22,0 центнерден болып тұр», –  дейді аудан әкімі  Ғалымжан  Маманбаев.

Түгін тартсаң, майы шығатын Жетісу өңірінің Сарқан ауданы орналасқан аймақ шаруалары биылғы жылы ерлеп-ақ тұр. Ауыл шаруашылығына қатысты қай саланы алсаңызда көрсеткіш жоғары. Жер еміп өскен диқан  қауымы  үшін  өндірген өнімінің сапасы басты назарда. Жердің  құнарлығын  сақтай  отырып, тыңайтқыштар қолдануда Сарқан ауданы өзге аудандардан алда келеді. Мәселен, 2022 жылы 4637,8 тонна тыңайтқыш сатып алынып игерілсе, 2023  жылға  347 тонна тыңайтқыш сатып алынған. Бұл дегеніңіз күннен-күнге бағасы аспандап тұрған ауыл шаруашылығына қатысты тыңайтқышты ерте бастан қамдап алған аудан әкімшілігінің іскерлігі демеске лаж жоқ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығына қатысты тартылған инвестиция нәтижесінде 658 тонна, оның ішінде 225 тонна дәрілік шөп, 41 тонна тары, 392 тонна арпа экспортқа шығарылған. Заманауи техникаларды қолдана отырып, өнім  алуда  зор  жетістікке жетіп отырған  аудан еңбеккелерінің  жыл он екі ай бел шешпей, маңдай терлерін төгіп, қол жеткізген табыстары  жыл  аяғында яғни, келер жылдың басында нақты цифрлармен айғақталады. Әзірдің өзінде тоғыз айлық көрсеткіш ауданның абыройын асқақтатуда. Мал шаруашылығының негізгі өндірілген өнімдеріне көз жүгіртсеңіз де көңіл толады. Мәселен,  тірі салмақтағы мал мен құстан – 10 697 тонна, 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 102%, сүт – 36261 тонна немесе 115%-ды құраған.

«Аудан бойынша қысқы мал азығына  124 513,6  тонна шөп,  20 031 тонна сабан, 14 069 тонна сүрлеме,  25 600  тонна  жем дайындалды», – дейді аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы. Сондай-ақ ауданның ауыл шаруашылық техникалық паркін жаңарту мақсатында жыл басынан 2 млрд 228 млн теңгеге 105 дана ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды, 11 миллион 155 мың дана жұмыртқа өндірілген.

«Ұйымдастыра білген ұтады» демекші,  істің көзін тауып, шаруалар мен кәсіпкерлерді жұмылдыра білудің арқасында аудандағы өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді. Өнімді өсіру барда, оны өңдейтін кәсіпорын ашу  – нарықтың басты талабы. Бұл мақсатта 2022 жылдың 1 қазанына 7 млрд 408 млн 400 мың теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, ол былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 116 пайызға артқан. (2021 жылы  –  6 383,0 млн теңге) Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі және инвестицияның ұлғаюына жаңадан іске қосылған мекемелердің үлесі зор екенін аудан әкімі  Ғалымжан  Қанатұлы   айтты. «Басқан пауэр» ЖШС-гі жалпы  инвестициялық портфелі 11 млрд теңгені құрайтын екі су электр станцияларының құрылысын іске асыруда.

50 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылса, Лепсі ауылдық округында жоспарланған «Абай 2» ЖШС-гі  қуаттылығы  50 МВт  болатын  жел электр станциясының құрылысы аяқталуда.  2022 жылдың 10 айында 19 млрд теңге инвестиция тартылған. (Жобаның инвестициялық көлемі 19 млрд 400 млн теңге, 25 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған). Аудандағы шағын кәсіпкерлікте жылдан-жылға қанат жаюда. Бұл аудан бюджетіне қомақты үлес қосуда. Кәсіп ашып, тиісті салығын төлеп,  заң  аясында жұмыс жасағандарға  барлық қолдау көрсетілуде дейді аудан басшысы. Бүгінде аудан көлемінде шағын кәсіпкерлікке қатысты 2821 субъекті жұмыс істейді (2021  жылы  – 2751). Өндірілген өнімнің көлемі 16 млрд теңге (2021 жылы  – 15130,0 млн теңге). Жылдық жоспар 28 млрд 500 млн теңге. Шағын кәсіпкерліктен бюджетке түсетін салықтық аударымдар былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123 пайызға артты немесе 572 млн 100 мың теңгені құрады (2021 жылы – 466,0 млн теңге). Жұмыс істейтіндер саны – 5 760 адам.

Жергілікті бюджетке шағын кәсіпкерліктен түскен салықтың үлесі 50%-ды құрады. Былтырғы жылы 25,6% болған. Еңбек өнімділігін арттыруда шағын кәсіпкерліктің үлесі зор.  Кәсіп көзін тапқандар өздері де дәулеттілер қатарына еніп, табыс көзін ашып, бизнестерін ұлғайтуда деген аудан әкімі капиталға тартылған инвестицияларды  да тілге тиек етті.

Аудан әкімінің іскерлігі де тартылған инвестицияға қатысты бағаланады. Бұған ауданды басқарған марқұм Талғат Қайнарбековтің аудан экономикасын өркендетуге қосқан үлесі зор болды.  Ауданға  тартылған  инвестициялық жобаларда сол кісінің үлесі бар. Капиталға тартылған инвестициялар бүгінгі күнге  25  млрд  225 млн  200 мың теңгені құрады немесе былтырғы жылға 3,2 есеге өсті (2021 жылы – 7108,4  млн теңге). Жылдық жоспар 26 млрд  теңге (2021 жылы  – 19231,8  млн  теңге). Қаржыландыру  қөздерінің құрылымы: республикалық бюджет – 512,0 млн теңге (жылдық жоспар – 600,0 млн теңге), жергілікті бюджет – 113,8 млн теңге (жылдық жоспар – 500,0 млн теңге), кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың жеке қаражаттары есебі-нен  23 млрд  259 млн  500 мың теңге (жылдық жоспар – 26 млрд теңге).

Ауданда 472 сауда және қызмет көрсету объектілері жұмыс істейді, оның ішінде 355 сауда объектілері, 37 қоғамдық тамақтану  объектілері, 80 тұрмыстық және сервистік қызметтер объектілері, жаңа форматтағы  бір сауда базар бар.

2022 жылдың бүгінгі күнге бөлшек тауар айналымы 3  млрд  466  млн  600 мың теңгені құраған. Өсу қарқыны 115%  (2021 жылы 3020,3 млн теңге құрады). Нақты көлем индексі 99,7%.  Жылдық жоспар 7 млрд  теңге (2021 жылы  –  6 033,0  млн теңге). Жылдан-жылға ауданда экономикалық және әлеуметтік жағдайлар өркендеп келеді. Мұның басты себебі ауданға тартылған инвестициялық жобалар мен ауыл шаруашылығының  қарқынды  дамуы. Әрі кәсіппен айналысқан азаматтардың аудан бюджетін толықтыруға қосқан сүбелі үлесі екені даусыз. «Бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып» еңбекке жұмылған аудан еңбеккерлерінің маңдай терімен келген бейнеттері, ел экономикасының қарыштауына мүмкіндік беруде. Еңбекші қауымның нарық жүйесінде толқынға қарсы жүзе білуі, тиыннан теңге құрап, сан-салалы  кәсіпті меңгеруіне баскөз болып отырған аудан басшысы Ғалымжан Маманбаев аудан бюджетінің кіріс және бөлімдеріне тоқталды.

Биылғы жылдың бюджетке түсетін салық аударымдарының және басқа да міндетті төлем түсімдерінің жылдық жоспары 2 млрд 366 млн 300 мың теңге (2021 жылы 1 965,5 млн тг.). Оның ішінде:  республикалық бюджет 485,7 млн теңге, 9 айлық жоспар 341,0 млн теңге түскені 384,3 млн теңге немесе 112,7%, облыстық бюджет 1 млрд 258 млн теңге, 9 айлық жоспар 894,5 млн теңге түскені – 1 млрд 143 млн  теңге  немесе 128%, аудандық  бюджет 1 млрд 150 млн 200 мың теңге, 9  айлық жоспар 730,0 млн теңге түске-ні 839,5 млн теңге немесе 115%. Әлеуметтік сала бойынша аудандағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде жоғары деңгейде екенін көрсеткіштерден көруге болады.

Сарқан  ауданына  жол түссе, аудан  іргесінен самаладай тізілген жаңа типтегі баспаналарды  көруге  болады. Тек ауданның өзінде ғана емес, құрылыс саласы елді мекендерде кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Мектеп балабақша, емхана, мәдениет, спорт нысандары салынып, кей ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілуде. Ауданда  ағымдағы жылдың 9 айында 5000 шаршы метр тұрғын үй  іске  қосылған.  Бұл былтырғы  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114%-ды құрайды. (2021 жылы – 4400 ш.м). Жылдық жоспар 10300 шаршы метр.

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 824 млн теңгені құраса, былтырғы жылы 103%  (2021 жылы  –  4 703,3 млн  теңге). Жылдық  жоспар  10  млрд 300 млн теңге. Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сарқан қаласында 2 қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.

«Сондай-ақ екі  бес  қабатты 60 пәтерлі үйлердің бастапқы 300  млн  теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 1 млрд 600 млн теңге», – дейді аудан әкімі Ғалымжан Қанатұлы. «Тоғыз жолдың торабында орналасқан аудандағы күре жолдар республикаға қарайды. Жалпы автомобильдік жолдар ұзындығы 998 шақырым, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар  – 57 км, облыстық  маңызы бар  жолдар  – 532 км. Сарқан  ауданы  елді мекендері көшелерінің  жолдары  –  409 км. Бүгінгі таңда жергілікті маңызы бар, аудандық маңызы бар жолдардың 65 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұр. Бұл көрсеткіш 2021 жылы 62 пайызды құраған. 2022 жылға 1 млрд 438,6 млн теңге қаражат қарастырылып, жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарына  2 нысанға  – 511,0  млн теңге, орташа жөндеуге 15 нысанға – 853,1  млн теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 нысанға – 74,5 млн теңге жұмсалған. Аудан халқын таза ауыз сумен қамту жұмыстарына келсек, өңірде 36 елді мекен орналасқан. Тіршілік нәрі таза әрі сапалы болуы шарт. Өйткені  ауыл  тұрғындарының  денсаулығының басым кепілдігі осы ауыз суға қатысты. Бұл бағытта 28 (77,7%), қамтылмаған – 2 (5,6%) және әкелімді – 6 (16,7%) елді мекен бар.

Әлеуметтік саланың бірі – білім және денсаулық саласы. Мектеп қабырғасындағы балалар алаңсыз білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Ауданда 30 жалпы білім беретін мектеп пен 27 денсаулық сақтау, 25 мәдениет нысаны бар. Мектепте (7444 оқушы), 11 балабақша (5 жекеменшік, 6 мемлекеттік) және мектеп жанындағы 18 шағын орталығы  жұмыс істейді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 98 пайызды құраса (9 мәдениет үйі, 2 ауылдық  клуб, 12 кітапхана және 2 мемориалдық мұражайлар) халыққа қызмет көрсетуде.

Көктерек ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге  353  млн 318 мың теңге бөлініп, мердігер «ШАХ»  ЖШС-мен  321,6 млн теңгеге келісімшарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Алмалы ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуге бастапқы 200 млн теңге бөлінді. Конкурс жеңімпазы «ГрадСтройСервис» ЖШС жалпы 503 млн 710 мың теңгеге келісімшарт жасалды.

Оның  ішінде 2022 жылғы 193,0 млн теңге, 2023  жылға  310,6 млн теңге қарастырылған.

М.Төлебаев ауылдық мәдениет үйін ағымды жөндеуге 15 млн теңге бөлініп,  тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Денсаулық саласында аудан бойынша барлық  емдеу мекемелерінде 62 дәрігер және 366 орта буын медицина қызметкері бар. 10 мың адамға  шаққанда,  дәрігерлермен қамтамасыз ету 18%-ды  құрайды. Жалпы өлім-жітім 11,6%  азайған.

Салтанаты жарасқан Сарқан ауданының  тоғыз айлық көрсеткіші көңіл көншітеді. Еселі еңбектерімен ел алғысына бөленіп жүрген аудан атқа мінерлері мен тізе біріктіріп ауыл шаруашылығын өркендетіп жатқан еңбекші қауымға мың  бір алғыс айтамыз. Келер жылдан бастап Президент ауылшаруашылығына аса мән  беретінін  айтты. Экономиканың табыс көзі ауылда жатқанын мемлекет басшысы да жете сезінеді. Заманауи техникаларды меңгеріп,  дәнді-дақылдар мен мал шаруашылығын дамытуда аянбай еңбек етіп жүрген ауылдықтар үшін келер жыл берекелі жыл болғай. Шағын кәсіптен бастап, үлкен корпорацияға айналуға Алла нәсіп етсін. Өндірген өнімдеріңіз әлемнің бар түкпіріне тарап, Қазақ мемлекетін алпауыт елдердің қатарынан көруді Алла Тағала бұйыртсын!

А. БҰЛҒАҚОВ.


ПІКІР ЖАЗУ