1 миллион тенгенің сертификатын ұтып алды

0
233

Талдықорған қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Enactus ұлттық студенттік кәсіпкерлік және бизнес-инновациялар чемпионатында жеңімпаз атанды.

Максим Сурин,  Виктор Кахно,  Мирхият Дени 1 миллион тенгенің сертификатын жеңіп алды.

Жарысқа жүздеген командалар қатысты, олардың арасында зияткерлердің жобасы үздіктердің бірі болды. Жігіттер нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік жасап шығарған.

Олар автономды көзілдіріктің көмегімен қалада өз бетінше және қауіпсіз қозғалуға болады, осылайша зағип жандардың күнделікті өмірін айтарлықтай жеңілдетеді деген қорытындыға келді.

Құрылғы RealSense камерасымен, арнайы LiDAR сенсорымен жабдықталған. Жігіттер бұл камераға арнайы бағдарлама кодын жазды. Осылайша, инфрақызыл толқындардың арқасында технология объектілерге, көліктің кез келген түріне, бағдаршамдарға, жол белгілеріне, велосипедшілер мен адамдарға дейінгі қашықтықты анықтай алады.

Виктор, Максим, Дени екінші жыл қатарынан студенттік Enactus әлем кубогының финалистері атанды. Өткен жылы оларға NARXOZ университетінің мемлекеттік грант сертификаттары табыс етілді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ