Жаңа баспанаға ие болды

0
345

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алакөл ауданында 60 отбасы жаңа баспанаға кірді. Сөйтіп «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған көп пәтерлі жалға берілетін үй іске қосылды.

Алакөл ауданының әкімі Алмас Әбдинов тұрғындарды қуаныштарымен құттықтап, жаңа пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстады. Тұрғын үй кезегінде тұрып, үйлі болғандардың басым бөлігі әлеуметтік әлжуаз топтар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Атап өтсек, көп пәтерлі үйдің құрылысы 2020 жылғы сәуірде басталған болатын. Бес қабатты үйде 30 бір бөлмелі, 15 екі және үш бөлмелі пәтерлер бар. Үйдің жалпы аумағы – 1578,90 м2. Құрылыс жұмыстарын «КомпанияСпецСтрой» ЖШС жүргізді.

Жуырда Алакөл ауданында тағы 20 пәтерлі және 60 пәтерлі екі үй пайдалануға беріледі. Жалпы Жетісу облысында биылғы жылдың 11 айында 212 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда – 100,5 %. Биылғы жылы бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша 1442 отбасы баспаналы болады, соның 389-ы көп балалы, 481-і – әлеуметтік әлжуаз отбасылар. Осы мерзім ішінде 700 отбасы үйлі болған («Шаңырақ» – 128, «7-20-25» – 55, «Нұрлы жер», сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үй – 490, «Бақытты отбасы» – 21, демеушілер есебінен – 6), соның ішінде көп балалылар – 269 отбасы, әлеуметтік әлжуаз отбасылар – 248.

2022 жылы Жетісу облысында 290,5 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, соның 41,3 мың шаршы метрі бюджет есебінен, 46,3 мың шаршы метрі – коммерциялық тұрғын үй.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ