Жібек Малдыбай жарыс жеңімпазы атанды

0
310

Туған тіл  мен тұғырлы тәуелсіздіктің  ертеңгі ту ұстаушылары саналатын бүгінгі жас буынның отансүйгіштік, елжандылық сезімін нығайтып, шығармашылық әлеуетін арттырып, лингвистикалық капиталын дамыту мақсатында өткен «Қасиетті өлке, киелі мекен» атты облыстық шығарма байқауы мәресіне жетті.Жетісу облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  ұйымдастыруымен  өткізілген  байқаудың  марапаттау салтанатында басқарма басшысы Ермек Ақшабаев сөз алып жарыстың мақсаты мен міндеті туралы айтып, облыс  бойынша 70-ке жуық оқушы байқауға талап білдіргенін жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған қазылар алқасының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты  Әміре Әрін  тарихтан сыр шертті.Байқау қорытындысы бойынша  жүзден жүйрік шыққан Талдықорған қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жібек Малдыбай жарыс жеңімпазы деп танылып, І дәрежелі диплом және 100 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Өз кезігінде ІІ және ІІІ орын алған, ынталандыру сыйлығына ие болған оқушылар да диплом және ақшалай сыйлықтарды қанжығасына байлады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ