Баспасөзге жазылу күні ұйымдастырылды

0
197

Баспасөзге жазылу күні аясында «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалы арнайы  шара өткізді. Шараға келушілердің қатары  көп болды.  Басылымға жазылуға қатысты «Қазпошта» АҚ сауда бөлімі директорының орынбасары Болатхан Ержігітов қоғамдық көзқарастың қалыптасуында газеттің рөлі маңызды екендігін атап өтті.

– «Газет  –  халықтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналып отырған ақпарат құралдары халыққа нақты деректер мен шынайы ақпарат береді. Олай болса, өңірде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болуда  оқырмандарды жергілікті газеттерге жазылуға шақырамыз,  – деді  Болатхан Топанбайұлы.

Баспасөзге жазылу  шарасы аясында оқырмандарға газетпен қатар редакция журналистерінің авторлық кітаптары да  сыйлыққа берілді.

Айдана МОЛДАЛІМ


ПІКІР ЖАЗУ