Тоғыз айдағы толымды істер

0
403

Облыс орталығы Талдықорған қаласы жылдан-жылға тоты құстай таранып,  бой  түзеп келеді.  Күн  көзіне шағылған көп қабатты зәулім үйлер мен сәулеті жарасқан ғимараттар көрген жанның көз жауын алады. Өткен тарихына зер салсаңыз  ХIХ  ғасырдың екінші жартысында, яғни,  Талдықорған аймағында 1869 жылы Гавриловка селосы бой көтерген. Өңірде алғаш рет қазақтар қоныстаған.  Кейін Жетісу облисполкомының ұйғаруымен 1920 жылы (кейбір деректерде 1921 жылы) Гавриловка селосының атауы ресми түрде Талдықорған селосы деп өзертіліп, Қапал уезінің орталығы дәрежесін алады.

1930 -1944 жылдар  аралығында Талды-Қорған Қазақ КСР-ның Алматы округі Талдықорған ауданының орталығы болып бекітіледі. 1944  жылы Талдықорған селосына қала дәрежесі беріліп, Алматы округінен бөлініп кеткеннен кейін 1944 жылдан 1959 жыл аралығында және 1967 жылдан 1997 жылдар аралығында Қазақ КСР Талдықорған облысының орталығы дәрежесін алады. Ал 1993 жылы қала атауы ресми түрде Талдықорған деп өзгертілді. Қазіргі кезде Талдықорған қаласы 2001 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, 2022 жылдың маусымына дейін Алматы облысының орталығы болып келді. 2022 жылдың маусымынан жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы болды.

Қалалық әкімшілік аумаққа қарасты 7 елді мекен Еркін және Өтенай ауылдық округтеріне біріктірілген және құрамында Талдықорған агротехникалық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы бар.

183,9 мыңнан  астам тұрғыны бар қалада заман ағымына қарай нарық жүйесімен ілгерілеп келеді. Қала орталығында сауда үйлері мен базар – халықтың көп шоғырланатын жұмыс орындары десе болады. Нәсібін кәсіптен айырып отырғандар мемлекетке тиісті салықтарын төлеп, өзгелерге жұмыс беруде. Экономиканың күре тамырына қан жүгіртіп отырған қалада газдандыру саласы бойынша 814 халықаралық теміржол желісі жұмыс істеуде. Оның ішінде: 352 халықаралық темір жол табиғи  газға, 151 халықаралық теміржол сұйытылған газға қосылған. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында  кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқан жоспар бойынша 130 казармалық МРР және 173 МРР (2-3 қабатты, 1973-1975 ж.ж.) газбен қамтамасыз етілмеген, оларда газ балондары қолданылады.

Сондай-ақ  2022 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 1212 пәтерлі 23 Мәскеу темір жолын сұйытылған газдан табиғи газға көшіру жоспарланған. 2022 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша 9 Мәскеу темір жолы табиғи газға ауыстырылған. Қаланы газдандыру жүйесі 2016 жылы басталып, 2017 жылы бірінші абоненттік қосылу басталғанды.

Бүгінде қала бойынша барлығы 921,5 км. газ құбыр желілері бар болса (жоғары қысым 57,1 км, орташа қысым 617,0 км, төмен қысым 247,4 км.) Жалпы қаланың 90,3 % қамтиды, оның  ішінде 30 971 абонент қосылған немесе 56,9% (ЖЖЖ 15358, пәтер 15613) газ желісімен қамтылған. Көгілдір отынның тарифі: 31,8 теңге/м3 (барлық тұтынушыларға) арналған баға. Жоба бо-йынша барлығы 54 469 абонентті (32 341 пәтер, 22 128 ЖЖЖ) қосуды қарастырады.

«Газға қосылған абоненттер санын арттыру үшін жыл басынан бері қалаға қарайтын елді мекендерге газды қосу жұмыстары жүргізілді, бұл қосылған абоненттер санын 2,1 мыңға арттыруға мүмкіндік берді», – дейді қала әкімі Әсет Масабаев.

Газ  желісі тартылып, қолданысқа берілген  ауылдар  қатарында Пригородное (80 үй) және с.3-бөлімі (110 үй)  Ынтымақ  ауылына  (32 үй) Экспедициялар ауданына (32 үй) 6 желтоқсанда IZHS 3-кеңсесінде (1852 үй) газ берілген. Қабылданған шаралар бойынша жыл соңына дейін Үйтас ауылында 2537 үйді қамтитын газды іске қосу жоспарлануда. Бұдан бөлек, газбен жабдықтаудың 2 жоба-сы  жүзеге  асырылуда, бұл  2956 үйді қамтуға мүмкіндік бермек.

ЖЖС Жастар-2, қамту – 526 үй. («Рем Строй» ЖШС, биылғы жылға 295 млн теңгеге 236 млн. теңге бөлінді, нысан ауысуға жарамды, ұзындығы 20,3 км). Ынтымақ ИЖС, қамту – 2430 үй. («МБК Құрылыс» ЖШС, ағымдағы жылға 1,5 млрд. теңге сомасында 600 млн. теңге бөлінді, нысан ауысуға жарамды, ұзындығы 113,5 км). Аяқтау кезеңінде 564 үйді қамтитын 2 жобаны әзірлеу. «Талдықорған қаласының 22а  газ желісінің құрылысы» қаланы газдандырудың негізгі жобасына енбеген аумақтарды қамту үшін. (Жіберілген учаскелер  6, 7 ықшам ауданы, өсімдік питомнигі, агроөнеркәсіптік бөлім), Жастар-1 бөлігі, барлығы 344 үй).

«Мойнақ ауылында газ желісінің құрылысы» (Барлығы 220 үй).

Газ қосылымдарының бағасын төмендету үшін «Жетісу газ сервис» МКҚК арқылы монтаждау ұйымдарымен консорциумдық келісім жасау ұсынылған.

Өз кезегінде консорциум келісіміне сәйкес, KGP қазандықтармен материалдарды өз есебінен қамтамасыз етеді. Бұл механизм бағаны 25-30%-ға төмендетуге мүмкіндік беруде. Сондай-ақ КГП арқылы материалдар мен қазандықтарды бөліп төлеуге мүмкіндік туады. Бүгінгі күні бір пәтерді қосу құны: есептегішсіз – 10,0 мың теңге, есептегішпен – 28,0 мың теңге аралығында деген қала әкімі IZHS қосу құны: газ қазандығын ескере отырып, бірінші іске қосу және пломбалау – 400,0-ден 750,0 мың теңгеге дейін, қазандықсыз 140,0-160,0  мың теңге көлемінде дейді. Қала тұрғындарының орташа еңбекақылары қаңтар-қыркүйек  айларында  – 224 240 теңге өсім қарқыны – 124,1%. Облыс бойынша орташа айлық еңбекақыдан пайызбен – 98,7 теңге болған. Ал осы мерзім аралығында орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 44 324 теңге, облыстық көрсеткішке  пайызбен  –  98,2. Қалада  ірі  кәсіпорындар қатарында «Қайнар», «Темірбетон», «Ажар» метал құрылымдарын өндіретін «Метакон» өндірістік орындары бар. Заман ағымына қарай бейімделген құрылыс саласына қатысты шағын кәсіпорындарда қанатын жайып, мемлекетке тиісті салығын төлеп, қала бюджетін толықтыруда деген қала әкімі Әсет Дүйсебекұлы қаржылық көрсеткіштерге қатысты қаңтар-қыркүйек айларындағы салық түсімдеріне тоқталды. 49  976,8  млн.  теңге, оның ішінде  республикалық бюджет  – 29 402,9 млн. теңге, жергілікті бюджетке – 20 573,9 млн. тенге. Одан қалалық бюджетке: 7 654,3 млн. теңге.

Қала бойынша шығындар 30 366,6  млн. теңге болғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ өнеркәсіп пен ауылшаруашылығына қатысты тоғыз айдағы өндіріс көлемі  –  84 571,6 млн. теңге болса, ауылшаруашылығында жалпы өнім көлемі – 20 427,1 млн. теңгеге тең деді. Мал саны бойынша мүйізді  ірі  қара  – 10,8 мың, қой мен ешкі – 26,0 мың, жылқы – 3,7 мың, шошқа – 1,4 мың, құс – 1535,3  мың басқа жеткен. Ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерін  өндіруде ет (тірі салмақта) – 3 517, сүт – 4 899,  жұмыртқа – 214 780 мың дана өндірілген. Тауар айналымы бойынша тоғыз айда бөлшек тауар айналымы – 69 297,5 млн. теңге болса, тартылған инвестиция көлемі – 37 833,1 млн. теңге. Оның ішінде республикалық бюджет – 655,7 млн. теңге, жергілікті жергілікті – 20 369,3 млн. теңге, бюджеттен тыс көздер (жеке, шетелдік және қарыз қаржылары) – 16 808,0 млн. теңге.  Қаладағы құрылыс саласы сағат сайын толысқан, тайбурылдай сәулеттенген облыс орталығындағы тоғыз айдың көрсеткішіне зер салсақ, құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі – 1 414,6 млн.теңге. Тұрғын үйлерді қолданысқа беру барлығы – 63,3 мың шаршы метр, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен  берілген  жоқ  жеке құрылыс компаниялар есебінен – 34,0 мың ш.м, жеке тұрғын үй құрылысы  –  29,3 мың ш.м. Қалада  білім беру ұйымдарының желісі бойынша 2 жоғары оқу орны бар. Олардың біреуі мемлекеттік болса, біреуі жеке меншік. Жалпы 14  коллеждің  9-ы мемлекеттік болса, 5-уі  жекеменшік. Білім беретін 33 орта мектеп бар.

Олардың 25-і мемлекеттік, 4-уі облыстық, 1-уі республикалық,  2-уі жекеменшік, 1-уі кешкі мектеп. Ал мектепке дейінгі 64 мекеменің 16-сы мемлекеттік, 8-і шағын орталық, 40-ы жекеменшік орталық. 5 қосымша білім беру орталықтары, олардың 5-уі мемлекеттік екенін айтқан қала әкімі Әсет Дүйсебекұлы тоғыз айда атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындысы жыл соңында қорытындыланып, жарияланатынын айтты. Жалпы, Талдықорған қаласының экономикалық көрсеткіші көш ілгері екенін айтуға болады. Ол жоғарыдағы тоғыз айдың көрсеткішінде айқын көрініп тұр. «Ұйымдастыра білген ұтады» демекші, қала тұрғындары да қаланы басқарып отырған жас әкім Әсет Масабаев жайлы жылы пікірлер айтуда. Бұған дейін қалада пәтер кезегінде тұрып, бармақ басты, көз қыстылыққа барған бұрынғы шенділердің заңсыз пәтер бөлудегі іс-әрекеттері осы Әсет Дүйсебекұлы келген соң әшкереленіп, заңсыз берілген пәтерлер кері қайтарылып алынғаны жайлы ашық ақпараттар әлі күнге жарияланып келеді. Бұқара халық пен ашық диалогқа шығып, бірлесіп жұмыс атқарып келе жатқан қала әкімі қаладағы көптеген түйткілдердің түйіні біртіндеп шешіліп келе жатқанын, олар  газ желісі, баспана мәселесі, қала шетіндегі саяжайларға қатысты, оларға апаратын жол, мектеп, ауыз су, көпір мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде.

«Алда әлі атқаратын талай шаруалар бар. Мен алғаш жұмысқа келгенде екі күннің бірінде қала әкімдігіне ереуілдеп келетін әйелдердің басты мәселесі баспана дауы болған оларды заң аясында ретке келтірудеміз. Қазір бұл дау-дамай саябырсыды. Сондай-ақ Қапал өзенінің бойынан тасымалданып жатқан ша-ғылдарға қатысты заңсыз әре-кеттер де бір жүйеге түсіп келеді. Бұл қаланың экологиялық ахуалына да қатысты болған. Сондықтан бұрыннан қордаланып қалған мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, тәртіпке келтірудеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының: «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы бағыт-бағдарына тізе қосып, жұмылудамыз. Ал бұрынғы майлы ішектей бірлесіп кеткен заңсыздықтарды бұзып, жарып өту бір күннің шаруасы емес. Ол да ретімен жүзеге асады. Алла бұйыртса, келер қоян жылында көптеген өзгерістер болады. Жаңа құрылған Жетісу облысы, Талдықорған қаласы да сүбелі үлес қосады. Экономика қарыштап, әлеуметтік мәселелерді шешіп, қалаға инвестиялық жобалар таруға күш жұмылдырудамыз»,  – деп сөзін түйіндеді.

 Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ