Қысқа-нұсқа

0
204

Заманауи оқыту-жаттығу базасы салынады.

Талдықорған қаласында волейболдан «Жетісу» әйелдер командасына арнап 3 спорттық база, демеушілердің қаржысына жанында 40 орынды жатақханасы бар заманауи оқыту-жаттығу базасын салу жоспарлануда. Бұл батыстағы спортшылардың жаттығуына мүмкіндік беретін кәсіпқой спорт клубтары іспетті болады. Онда 15-16 жастағы жасөспірімдер жатып, шынығады. Одан бөлек, көгалдағы хоккей, баскетбол, регби сынды спорттық ойындардың жаттығу залдары салынбақшы.

 Қамыс құрағын өндіретін жаңа желі

Ақсу қант зауыты қамыс құрағын өндіретін жаңа желіні құрастыру жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылдың ақпанында  алғашқы өнімді шығара бастайды деп жоспарлануда. Өткен жылы  4,3 мың гектар алқапқа қант қызылшасы егіліп, одан 182,3 мың тонна тәтті түбір жиналған. Биылғы жылдан  қант қызылшасының алқабы 8 мың, ал, 2026 жылға қарай 15 мың гектарға дейін ұлғайтылады деп күтілуде.

 Қайта жаңғыртудан өтеді

Биыл Ескелді ауданы Көкжазық ауылындағы 100 орынды жазғы демалыс және сауықтыру лагеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, лагерге бару үшін 44 орынды автобус беріледі.

Қолжетімді интернетті қолдану

«Қазақстан халқына» қоры мен «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының бірлескен жобасы еліміздің барлық өңіріндегі 17 мектепті дамытуды жоспарлауда.  Ақсу ауданына қарасты  Е.Сиқымов атындағы орта мектепті қоса алғанда жобаның 8 мектебін Beeline Қазақстан өз есебінен НЗМ стандарттарына жеткізуді көздеп отыр.

 Көгілдір отынға қосылды

Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентіне табиғи газ жетіп, алғашқы отбасы көгілдір отынға қосылды. Аудан әкімі   Қанат Есболатовтың сөзінше, аудан орталығынан бөлек тағы 25 елді мекенді газға қосу жоспарда бар.

 «АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ