Құсқа-нұсқа

0
342

ЖАҢАЛЫҚТА жаңа медициналық мекеме бой көтереді

 Ақсу ауданының әкімі Есім Сейілханұлы Жаңалық ауылының тұрғындарымен  кездесуінде биыл  елді мекенде медициналық мекеме бой көтеретінін, сондай-ақ, көптен бері көтеріліп келе-тін облыстық маңызы бар жол мәселесіне қатысты  қаражат бөлінгенін  айтты.

 

Мемлекеттік субсидия беру көзделуде

Облыс орталықтары мен моноқалаларда заманауи сауда орталықтары мен көпфункционалды сауда кешендерін салуға немесе жаңғыртуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік субсидия беру көзделуде. Мемлекеттік субсидиялау 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба 26 қаңтарға дейін қоғам талқысына түседі.

30 бейнебақылау орнатылады

 Талдықорғанда «Сергек» зияткерлік жүйесі іске қосылып, 30 бейнебақылау орнатылады. Қала әкімінің сөзінше, бұл бірінші кезекте жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін азайтып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек.

Медицина мамандары тапшы

Көксу ауданындағы 9 медициналық мекемеде  74 дәрігер, 320 орта буын мамандары  жұмыс істейді. Қазіргі таңда  10-ға  жуық маман қажет. Өткен жылы 18  дәрігер  келгенімен, бұдан кадр тапшылығы толықтай шешілмегенін айтады ау-дандық орталық аурухана директоры Жаннұр Сырымов.

 


ПІКІР ЖАЗУ