Тұрғындар үніне құлақ түріле ме?

0
335

Соңғы екі  жылда Талдықорған  қаласындағы көпқабатты үйлердің  40-қа жуық ауласына  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілген.  Дегенмен  әлі  де аяқталмай қалған аулалар бар. Солардың  бірі «Мүшел той» шағын ауданындағы  №41-№42  үйлердің ауласы.  Екі  жыл бұрын абаттандыру  ісі  басталып,  әлі толыққанды аяқталмаған жұмыстарға тұрғындар наразылықтарын айтып, редакциямызға хабарласқан еді.

«Балаларға арналған ойын алаңы әлі аяқталмады, жарық бағаналары орнатылғанымен, ауламыз әлі де қараңғы. Екі жыл бұрын басталған жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр»,  – дейді  тұрғындар.  

Осыған орай біз Талдықорған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне хабарластық. Бұған қатысты ТҮКШБ ММ  басшысының орынбасары Алмас Барлыбеков былай дейді.

– «Golden City DS» ЖШС мердігерлік ұйымы «Талдықорған қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің аула аумақтарын орналастыру» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Мүшелтой шағын ауданындағы аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы.

19.08.2022 жылы орындалатын жұмыстардың сапасы бойынша мердігерлік ұйымға қатысты шаралар қабылдау үшін «Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-не хат жолданды.

Бұдан басқа, 03.11.2022 жылдан 22.11.2022 жылға дейінгі кезеңде «Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ объектіге профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізіліп, №9 бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді».


ПІКІР ЖАЗУ