Ақыл-ойдың ойыны

0
579

«Атпен жүру»   –  бұл  тіркес шахматшылардың тілінен шыққан. Шешуші әрекет. Күтпеген нәрсе жасау.  Дәл  осы стратегияны Талдықорған  қаласындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  жас шахматшысы  Әлтаир  Меңдібек  ойында  қолданғанды ұнатады.

Әлтаир үшін шахмат 3- сыныптан бастап маңызды хобби болып саналады. Чем-пиондар  Анатолий  Карпов  пен  Гарри  Каспаровтың  шахматтан  әлем чемпиона-тына арналған кездесуін көргеннен кейін зияткерлік ойынға деген қызығушылық арта түсті.

Төртінші сыныпта Әлтаир қалалық жарыстарда 2 орын алып, алғашқы медалін иеленді. Жетістіктер қазынасындағы ең елеулі жеңістер – 2018, 2022 жылдардағы облыстық жарыстарда 1-орын.

Биыл облыстық, қалалық турнирлердің жеңімпазы атанып, 2-орынға ие болды.

– Маған гроссмейстерлер  Даниил  Дубовтың  және Анатолий  Карповтың ойындарын көрген ұнайды. Ойын барысын, таңдаған қимылдарының мағынасын түсінуге, оқиғалардың  логикалық  тізбегін  көруге және есте сақтауға тырысамын. Өйткені олардың ойыны, шахматты түсіну деңгейі жоғары», – дейді жас спортшы.

«Әлемдегі ең күшті шахматшылардың феномені қандай? Олардың деңгейіне жету мүмкін бе?» деген сұраққа Әлтаир өз пікірімен бөлісті.

 «Әр дәуірдің өз шахматшысы болады. Менің ойымша, қай кезде де чемпиондардың феномені үлкен еңбекке, уақыт пен күш-жігерді аямай шындыққа  жетуге  ұмтылуға  негізделген».

Әлтаир шахматтан республикалық деңгейде нәтижеге жетуді жоспарлап отыр. Ол бағдарламалаумен де айналысады, болашақта мамандығын осы саламен байланыстырғысы келеді.

 ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ