«Момын емес, мінезді парламент жасақтау қажет»

0
318

Есболат АЙДАБОСЫН, «Жетісу» радиосының жетекшісі, жазушы-журналист:  – «Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек». Шәкәрімнің әйгілі өлеңін өзімізше икемдеп сайлау сайын осылай құйқылжытамыз. Біреуді сендіргіміз келеді-ақ, бірақ соған өзіміз сеніңкіремейтін секілдіміз. Сайлауымыз сол баяғы соқпағынан жаңылмай өтеді де кетеді, өзгешелігін көрмей-білмей қаламыз. Әрине сайлау деген саяси дода, жеңген мен жеңілген болады. Жеңген қуанады, жеңілген өкінеді. Жеңгендер жеңімпаздар форумын жасайды дүркіретіп, жеңілгендер дау шығарады дүрлігіп. Кейбіреулер жеңілгенін мойындап, қарсыластарын елден бұрын құттықтауға асығады. Қайбір жылдары қағаз бюлетеннен бас тартып, электронды дауыс беріп те көргенбіз. Мұны да «өзгерістің бастауы» деп даурыққанбыз. Бірақ дауыс берудің формасы өзгергенмен, мазмұны мызғымады, сөйтіп соңғы жылдары қағазға қайта оралдық.

Хош, «биылғы сайлау бұрынғыдан өзгерек» дейік. Иә, өзгеріс бар. Парламенттің төменгі палатасы бұрын тек саяси партиялардан жасақталса, ендігіде жекелеген азаматтар да сайлауға қатысуға мүмкіндік алды. Содан болар қазір әр-әр жердегі қоғам белсенділері бас көтеріп, өзін-өзі ұсыну тәртібімен сайлауға түспекке ниеттеніп жатыр, алдынан жарылқасын! Дегенмен сайлауды мақтан үшін, ат шығарып, атақ жинау үшін де пайдаланғысы келетін пиғылдар байқалып қалады. Соларды көріп, тіксініп қалатынымыз бар. «Әп-әдемі ән еді, пұшық айтып бүлдірдінің» кебін кимейік дейін десең, олар кимелеп қоймайды. Тап бір Парламентті қызғанып тұрғандай көреді. Осындайда еріксіз ойланасың. «Қазақстанның заң шығарушы органында кімдер отыру тиіс? Кімді депутат қылып сайлауымыз керек?» деген сұрақ туындайды. Меніңше Мемлекет басшысынан бастап, мектепті енді бітірген жастарға дейін осы сұраққа жауап беріп алғаны жөн. Сайлауға қақы бар электорат шымылдықтан ары өтіп, бір беттік қағазда тұрған кандидаттар арасынан таңдау жасамас бұрын «мен бүгін дауыс бергелі тұрған адам немесе партия ертеңгі күні менің даусымды ести ме? Менің үнімді жоғарыға жеткізе ме, менің мәселемді шеше ме? Әлде депутат болып алған соң менің өзіме дауыс көтеріп, қоқаңдай ма?» деген сауалдарға ойланып алғаны абзал. Өйткені осынау отыз жылдық тәуелсіздік тарихымызда «есегі судан өткен соң елді ұмытатын» талай «халық қалаулысын» көрдік қой. Енді сондайлардың алдын алу керек, жылы үй, жайлы кресло аңсағандарды осы бастан «есегінен аударып» тастаған қай-қайсымызға да пайдалы.

Әсілі, елде бір жағдай бола қалса, әлдеқандай мәселе туындаса жұрт зиялы қауымды іздейді. «Зиялы қауым қайда, ақын-жазушылар неге үнсіз, Жазушылар одағы неге мәлімдеме жасамайды?» дегендей өкпе-реніштер айтылып жатады. Рас, қаламгерлер


ПІКІР ЖАЗУ