Еуропалық иммундау апталығы басталады

0
384

2023  жылғы   23-29 сәуір   аралығында   Дүниежүзілік    денсаулық    сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының бастамасымен елімізде, оның   ішінде    Жетісу   облысында  да «Кең ауқымды толықтыра   иммундау!»  ұранымен    еуропалық   иммундау апталығы өтеді.

Бұл  жайында  Өңірлік   коммуникациялар   алаңында өткен баспасөз мәслихатында  Талдықорған қалалық емханасының госпитальдық эпидемиологы Айгүл Смайлова айтты.

Оның сөзінше  апталық барысында   алаңдаушылық тудыратын жаһандық вакцинация деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ балаларға, атап айтқанда, жіберіп алған дозаларды қуып жету қажеттілігіне назар аударылады.

Апталықтың мақсаты – иммундаудың маңыздылығына  көңіл аударту және ақпараттандыру деңгейін арттыру арқылы екпенің қамту деңгейін жоғарылату, вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы және ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін және басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундаудан  өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету.

Жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын өткізуге   Дүниежүзілік   денсаулық  сақтау   ұйымының Еуропа   аймағындағы   53   мемлекет қатысады. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау саласында белгілі жалпы еуропалық   бастама болып қалыптасты.

«Иммунопрофилактика – нақты бір адамның және жалпы барлық халықтың денсаулығы мен салауаттылығына көп шығынды қажет етпейтін, жоғары дәрежедегі оң нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін шараның бірі», – деп атап өтті Айгүл Мұсағұлқызы.

Бүгінде Жетісу облысында республиканың барлық өңіріндегідей, қызылша бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады. 2023 жылдың басынан бастап алғашқы диагноздар бойынша қызылшаның 15 жағдайы тіркелді, оның ішінде 6 жағдай зертханалық расталды. Науқастардың негізгі тобын 1 жасқа дейінгі балалар құрайды, олар жасына жетпей қызылшаға қарсы егілмеген.

«Барлық жұқпалы аурулардан, соның ішінде қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы вакцинация. Жұқпалы  аурулардың   таралуын болдырмау мақсатында жоспарлы иммундау және эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызылшаның таралуын болдырмау мақсатында сырқатқа көп шалдығатын тұрғындар арасында қосымша иммундау жүргізу қажет», –  деді дәрігер-эпидемиолог.

Облыстың ұйымдастырылған ұжымдарында ата-аналармен иммундау сұрақтары бойынша жиналыстар өткізіледі. Білімдерін бағалау мақсатында апталық иммундау жүргізгенге дейін және кейін халықтың белгіленген топтарына сауалнама жүргізілетін болады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ» 


ПІКІР ЖАЗУ