Қысқа – нұсқа

0
386

Тұрғындармен кездеседі

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 2023 жылғы 24 мамыр күні сағат 14:30-да Кербұлақ ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

«ПАРЫЗ — 2023» республикалық конкурсы өтеді

 Жетісу облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасы облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «ПАРЫЗ 2023» республикалық конкурсына қатысуға шақырады. Байқауға қатысу өтінімдер мен ақпаратты 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26 үй мекен жайы бойынша Басқармамен қабылданады.

Фестиваль өтті

Сарқан ауданына қарасты Екіаша ауылдық округінің Тополевка ауылында кейінгі алты жылдан бері дәстүрге айналған Сиверс алмасының гүлдеуіне арналған фестиваль өтті. Аталған іс-шара аясында 100 түп алма ағаш көшеті отырғызылды.

 Самокат тебетіндер үшін жаңа ережелер әзірленуде

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы kz.kursiv.media дерегіне сүйеніп хабарлайды.  Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір аталған құжат Мәжілісте талқыланып жатыр. Ол жерде бірнеше норма қамтылған: самокат жүргізетіндер жолдың тек оң жағымен жүруге болады; олардың басында міндетті түрде шлем болуы керек; түнде жарық шағылыстыратын белгілер болуға тиіс.


ПІКІР ЖАЗУ