Қысқа – нұсқа

0
246

Қант өндіру  қарқын алды

Жетісу өңірінде биыл 380 мың тонна қант қызылшасы мен 30 мың тонна қант қамысы өңделіп, 77 мың тонна қант өндіруді жоспарлап отыр. Жалпы, 2026 жылға дейін қант қызылшасы 15 мың гектарға, жалпы өнім көлемі 525 мың тоннаға дейін жеткізіледі.

Егістік алқабы  1,9 мың гектарға артты

Егіс науқаны алдында Жетісу облысы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістікке қажетті тұқым көлемімен қамтамасыз етілді. Оның көлемі 56,2 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 1,8 мың тоннасы элиталық, 54,4 мың тоннасы жоғары репродукциялы тұқым. Ағымдағы жылы өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 1,9 мың гектарға артып, 519 мың гектарға жеткізілді.

Ветеринарлық пункт ашылады

Жетісу облысында өткен жылы 5 модулді ветеринариялық пункт қолданысқа берілген, ағымдағы жылы тағы 18 пункт ашу көзделуде. Ветеринария мамандарының жұмысын оңтайландыру мақсатында «VET-MOBILE» мобильді қосымшасын қосу және арнайы авто көліктермен жабдықтау шаралары да  іске асырылуда.

500 домбырашы күй шертті

Талдықорған қаласындағы «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында облыс орталығындағы мектептер мен Оқушылар сарайы сынды білім мекемелерінің 500 шәкірті домбырадан күй түлетті. «Адай» күйін орындады. Қазақ руханиятына өзіндік үлесін қосып, сан жылғы тарихын қаттаған М. Төлебаев атындағы ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған асқақ та асау күйлер тыңдармандарды тәнті етті.

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ