Байқау лауреаты атанды

0
126

Қазақстан  журналистер  одағы  байқауының лауреаттары  белгілі  болды.

Құрметті журналистер атағына ие болғандарды Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев  құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Аталған байқауда Жетісу облыстық «Jetisý» газетінің журналисі Қажет Андас өңір тарихы туралы зерттеу мақалалары бойынша топ жарды.

«Мен қаламыма осы өлкенің жауһар да қасиетті жерлерін арқау еттім. Биыл 105 жасқа толып отырған ата басылым «Jetisý» газетінде ол еңбектерім жарияланып тұрды. Байқау жарияланған тұста өз топтама еңбегімді жіберейін деп шештім. Себебі, маған жүлдеден бұрын осы еңбектерімнің сарапшылардың назарына іліккені де үлкен жеңіс болар еді. Әрине, жазған дүниелерімнің бағаланып жатқанына қатты қуанып отырмын. Осы додада топ жарған әріптестерімді де құттықтаймын»,  – дейді байқау лауреаты Қажет Андас.

Біз де байқау жеңімпазы атанған әріптесімізді құттықтаймыз. Қаламыңыз қарымды бола берсін!

«АЛАТАУ – АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ