«Wro-2023: Зияткер роботшылардың жеңісі»

0
176

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы робототехникадан Ұлттық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Жарыс Алматы қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өтті. Робототехникадан республикалық олимпиаданың биылғы тақырыбы – «Әлемді біріктіреміз». Бұл Біріккен Ұлттар ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын орындауға бағытталған және қатысушыларды логистика мен цифрлық инфра-құрылымға көмектесетін роботтарды жасау үшін бір алаңға жинайды. Ал байқаудың басты міндеті күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, қызмет көрсететін роботтарды жасақтау болып қала береді.
Жаттықтырушы, информатика пәнінің мұғалімі Николай Авдюнин-нің жетекшілігімен Талдықорған NIS командасы екі жобаны ұсынды. Екеуі де «Future Innovators» аталымы бойынша үлкен және орта жас топтарында бірінші орынды жеңіп алды.

Роботшылардың айтуынша теңіз терминалында жасанды интеллект жүйесі орналасқан, нейрондық желі контейнерлердің таңбаларын анықтап, автоматтандырыл-ған кранның көмегімен жүк-тей де, түсіре де алады.
9-сынып оқушылары Ранона Жәлелқызы мен Карима Мақанның бірегей жобасының атауы «Өрмекші ана». Spider Mom — адам қолы жетпейтін жерлерге сымдарды өз бетінше төсеуге қабілетті робот.
Жас өнертапқыштар сөзін-ше интернетке қолжетім-ділік еліміздің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Бұл әсіресе пандемия кезінде, әлем онлайн режимге көшкен кезде нақты болды. Дегенмен, барлық ауылдық елді мекен интернетке қол жеткізе алмайды. «Біздің зерттеуіміз бойынша, Қазақстан бойынша 1432 ауылдың 200 мыңнан астам тұрғыны интернет-ин-фрақұрылымсыз қалуда. Цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділік пен барлық азаматтарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету қажет», — дейді жас өнертапқыштар.
Жоба авторлары бар тіректерді олардың өрмекші роботының көмегімен автоматты төсеу үшін пайдалануға болатынын айтады. Робот жоғары жылдамдықты оптикалық кабельді бекітуге, тіректердің түрлерін тіпті ауа-райын анықтауға қабілетті.
Айта кетейік, робототехника чемпионатында бірқатар роботтарды жарыстыру категориялар болды. RoboSports жарысында 3-орынды Раушан Асқар, Еңлік Маман иеленді.
Олимпиада RoboMission, Future Innovators, Future Engineers және санаттары бойынша өткізілді. Әр санатта жоғары балл жинаған жеңімпаз командалар 2023 жылғы 7-9 қарашада Панамада өтетін Халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғайды. Ақтық кезеңде 90-нан астам елдің жас таланттары бақ сынайды деп жоспарланған.
Еске салсақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2014 жылдан бері World Robot Olympiad-тың Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі қызметін атқарады және әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құраманы дайындайды.

 

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ