ТАРТЫСТЫ ОЙЫН КӨРСЕТТІ

0
1457

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының ғасырлық мерейтойына орай Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде облыс көлеміндегі күштік құрылымдар арасында волейболдан тартысты сайыс өтті.

Жарысқа ҚР Қорғаныс министрлігінің 18404 әскери бөлімі, ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5514 әскери бөлімі, ҚР ІІМ Жетісу облысының Полиция департаменті, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №71 мекемесі, Алматы облысының және Жетісу облысының МКҚБ және Жетісу облысы бойынша департаментінің ойыншылары қатысып, бақтарын сынады.
Жарыс алдында Жетісу облысы бойынша департамент басшысының орынбасары – полковник Руслан Керімқожаев өзінің жылы лебізін білдіріп, тарихы терең әскери ұжымның мерейтойына арналған жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шекарашылардың бастауымен ұйымдастырылған қызу тартысқа толы волейбол сайысы бойынша бірінші орын ҚР ІІМ Жетісу облысының Полиция департаментіне, екінші орын ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне, жүлделі үшінші орын ҚР ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментіне бұйырды.
Сонымен қатар ойын кезінде көзге түскен жекелеген ойыншыларға «Үздік шабуылшы», «Үздік байланыстырушы», «Үздік тосқауылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинациялары берілді.
Ойын соңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Марат Нарбаев жарысқа қатысушыларға алғысын жеткізді. Жүлделі орындардан көрінген командаларға кубок пен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ