АУҚЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

0
453

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері мен оқытушылар қауымына және облыстың жастарына арнап тақырыптық сағат өткізілді.

Тақырыптық сағаттың алғашқы сөзі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Марат Нарбаевқа берілді. Содан кейін жиналған қауымға Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік қызметі жөнінде бейнебаян көрсетілді.
Шара барысында Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Берік Бұзаушиев 100 жылдық тарихы бар, бастауын Жаркент шекара отрядынан алатын шекара басқармасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Мұнан кейін Жаркент шекара отрядының бұрынғы басшысы, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің отставкадағы генерал-майоры Шынтас Өтепов тарихы мол әскери бөлімде басшылық жасаған кезеңіндегі естелігімен бөлісті. Жастарды туған жерін құрметтеуге шақырып, патриоттық тәрбиеге баулыды.
Шара аясында университет дәлізінде шекарашылардың күнделікті жауынгерлік қызметінде пайдаланатын қару-жарақтары мен кітап көрмесі қойылды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ