22 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

0
206

Жетісу облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында 22 мың түп ағаш отырғызды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, экологиялық акцияға 80 мыңнан астам белсенді азамат атсалысқан. Бұл күні ағаш отырғызудан бөлек, 3 мың тоннадан астам қоқыс та шығарылды.
Жалпы жыл соңына дейін облыс аумағында 115 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Соның 5 мыңы Талдықорған қаласында отырғызылса, 42 мыңнан астамы көктем айларында, 32 мыңға жуығы күзде егіледі. Қалған 35 мыңнан астамы экологиялық акция аясында демеушілік қаражат есебінен отырғызылуда.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ