ТӘЛІМГЕРЛІК МЕКТЕБІ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР

0
180

Облысымыздағы 21 кәсіпорының өкілдері өндірісте дуальды оқытуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты екі күндік семинарға қатысты. Іс-шараға 46 маман тартылды.

Талдықорған қаласының индустриялық колледжі қабырғасында өткен семинарға спикерлер ретінде Германияның Трир қаласында халықаралық дайындықтан өткен тәжірибелі мультипликатор – жаттықтырушылар Ләззат Шонаева мен Инна Региль шақырылды.
Жаттықтырушылар қарым-қатынас орнату және тәлімгерлік дағдыларды қалыптастыруға қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Бұл білім кадр саясаты мәселелерін сауатты және жедел шешуге, соның ішінде кадрлар ағымының алдын алуға және қызметкерлердің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Семинар тыңдаушылары оқудан өткеннен кейін тәлімгерлердің сертификаттарын алды. Сонымен қатар, олардың деректері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тәлімгерлер тізіліміне енгізілді.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев атап өткендей, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы тәлімгерлік мектебі алты жылдан бері жұмыс атқарады, соның аясында кәсіпорын қызметкерлері үшін осындай оқыту семинарлары өткізілуде. Тәлімгерлік мектебі – бұл кәсіпорындардың мамандарын, «Дуальды оқытуды енгізудің жол картасына» қатысушыларды анықтау, қолдау және көтермелеу мақсатында құрылған бірегей жоба.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ