«ЖОШЫ ХАН» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

0
208

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан» тарихи романының тұсаукесеріне қатысты.

Қазақ мемлекетінің бастауында болған Жошы ұлысының құрылғанына биыл 800 жыл. Бірнеше жыл бойы аталған тақырыпта ізденген автор Шыңғыс заманы мен оның тұңғыш ұлы Жошы хан жайлы терең және тың деректерді қалың оқырманға ұсынады. Осылайша Жошының өмір жолын көрсетумен қатар, тың деректерге толы өмірін баяндайды.
Шығарманың өн бойынан автордың көркем тілмен төгілте жазып, бұрын біз білмеген тарихи дереккөздеріне сүйенген оқиғаларды өрбіткенін байқауға болады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ