ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

0
254

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының учаскесінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен біріккен шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы Қорғас трансшекаралық өзеніндегі су тасқыны жағдайын бақылау мен шекара бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау камералары қойылды.
Қазіргі кезде бейнебақылау жүйесін орнату бойынша монтаждау жұмыстары «Ынталы» шекара бөлімшесінің учаскесінде жалғасуда. Бейнекамералар Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік қызметіне көмегін тигізуде.
Өткен жылдың күзінде бақылау камерасы арқылы мемлекеттік шекарадан контрабандалық тауарды заңсыз алып өтуге талпынған Қазақстан Республикасының бес азаматы ұсталды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ