АЛАКӨЛДІК ШЕКАРАШЫЛАР БИІКТЕН КӨРІНДІ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамы Алакөл ауданы әкімшілігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған мамыр айының мерекелеріне арналған футбол ойынына қатысты.
Спорттық шараға оннан астам команда қатысты. Атап айтсақ, «А.Байтұрсынұлы» – Үшарал қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің, «Алакөл» – Алакөл ауданының, «Тұран» – «Бескөл» спорт кешенінің, «Жайпақ» – Жайпақ ауылының, «Гарнизон» – Үшарал гарнизоны әскери қызметкерлерінің, «МСпорт» – Ынталы ауылы жастарының, «Тарлан» – «Тарлан» спорт кешенінің, «Өркен» – Үшарал қаласының, «Намыс» – 40398 әскери бөлімінің, «Шекара» – Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының, «Ақтүбек» – Ақтүбек ауылының, Бұлақты – «Бұлақты» ауылының құрама командалары.
Жарыс нәтижесінде жүлделі орындар келесідей бөлінді: І орын «Шекара», ІІ орын «Бескөл» командаларына бұйырса, ІІІ орын «Алакөл» футбол құрама командасына бұйырды.
Анық басымдықпен ойын көрсеткен футбол командаларын Алакөл ауданы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының президенті Арнұр Нұрланұлы марапаттады.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»