ИІСШІЛ ИТТЕР СЫНҒА ТҮСТІ

0
121

Жақында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Қызметтік иттердің ең үздік маманы» сайысы ұйымдастырылды.

Сайысқа «Достық» шекаралық бақылау бөліміне қарасты шекаралық бақылау бөлімшелерінің сақ құлақтары қатыстырылды. Кинологтардың қызметтік иттері кедергілерден өту, көлік құралын тексеру, бөлмені тексеру, қол сөмкелерді тексеру, адамды тексеру сияқты сынақтардан өтті. Жарыс кезінде қызметтік иттердің дайындықтарының жоғары екені байқалып тұрды. Нұсқаушылардың пәрмендерін бұлжытпай орындап, есірткі мен жарылғыш заттарын оңай тауып жатты.
«Қызметтік иттердің ең үздік маманы» сайысының нәтижесінде І орын – сержант Досжан Көшегеновке бұйырды. ІІ орын мен ІІІ орынды сержант Жарқын Құсманов пен кіші сержант Фархад Жәнібеков бөлісті.
Шекарашылардың сенімді досына айналған төрт аяқты қызметтік иеттердің жауынгерлік қызметтегі пайдасы зор. Шекара тәртібін бұзған жүргіншінің ізіне түсіп, тығылған жерін анықтайды. Шекаралық бақылау бөлімдерінде жолаушылардың жасырған жүктерін әшкере қылады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ