АЭС – ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ МЕН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ КЕПІЛІ

0
154

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері электр желісін тартуға арналған темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын шығаратын «Темірбетон» ЖШС зауытына барып, құрылыс саласының өкілдерімен кездесті. 

Құрылысшылардың АЭС-ке дауыс беруі – бұл маңызды мемлекеттік жобаны қолдау ғана емес, сонымен қатар олардың кәсіби қызметі мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға тікелей үлес қосуы. Мәселен, станцияны салу үшін мыңдаған білікті жұмысшылар мен құрылыс мамандары қажет болады. Сонымен қатар, АЭС жобасын жүзеге асыру арқылы тек атом станциясының құрылысы ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар ілеспе инфрақұрылым: кірме жолдар, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер, әлеуметтік инфрақұрылым объектілері де қоса салынады. Яғни, «Темірбетон» ЖШС сияқты кәсіпорындар бірнеше жыл түрлі тапсырысқа ие болады.

Еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев атом энергетикасын дамыту мен атом электр станциясын салудың Қазақстан үшін қандай стратегиялық маңызы бар екеніне тоқталды. Электр энергия тұтыну көлемінің артуы – әлемдік тренд. Бүгінде елімізде электр энергия тапшылығы жылына шамамен 2,5 млрд кВт/сағатты құрайды. Қазірдің өзінде біз жыл сайын шамамен 4-5 млрд кВт/сағ электр энергия импорттаймыз. Осыған байланысты электр көздерін әртараптандыру маңызды.Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қазақстанда АЭС салуға қажет ғылыми-техникалық база бар екенін айтты. Атап айтқанда, Алматының орталығында 60 жыл бойы қуаты аз реактор сәтті жұмыс істеуде, онда 700-ден астам адам еңбек етеді. Осылайша, біздің елімізде бейбіт атомды пайдалану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибе жиналды.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, АЭС ірі өнеркәсіптік өндірістердің қажетін толық жабады. Зауыт қызметкерлері, құрылыс саласының өкілдері бейбіт атомды пайдалануды бірауыздан қолдады.


ПІКІР ЖАЗУ