ОБЛЫСТА ТОҒЫЗ САЛАДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

0
62

Жетісу облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы Саян Ахметжанов ағымдағы жылы 3 млн.138 мың 200 теңге айыппұл төленгенін журналистермен өткізген брифингте баяндады.

Экология саласы бойынша

Департамент 4-ші тоқсандық мониторинг жүргізудің нәтижесінде Алакөл ауданында ТҚҚ полигонын тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға заңсыз беру фактілерін анықтаған. Сонымен бірге антикор-мониторингтің ұсыныстарын орындау аясында Жетісу облысының барлық аудандары мен қалаларында ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіткен.
Аталған шара мемлекеттік ресурстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатының ұрлануының алдын алуға және уәкілетті органдар арасындағы сапалы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға оң пайдасын тигізеді. Мониторинг барысында әзірленген 32 ұсыныс жоғарыда аталған мемлекеттік органдар тарапынан толық орындалған. Мысалы, Көлік бақылау инспекциясы құқық бұзушылық жасаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты ӘҚБтК-нің 571-бабы бойынша жалпы сомасы 6,6 млн теңге болатын, 20 әкімшілік хаттама толтырылған.

Білім беру саласында

Бюджеттен ұрланатын қаржылардың алдын алып минимизациялау үшін шаралар қабылданды. Ағымдағы жылдың 14 қарашасында «Antikor орталығы» алаңында Білім басқармасының, «Фаворит» ақпараттық жүйесін әзірлеушілердің, білім бөлімдерінің және барлық аудандар мен қалалардың мектеп директорларының қатысуымен кездесу өткен. Мұнда «Favorit mobile» мобильдік қосымшасы «Face ID» функциясымен таныстырылып, білім беру ұйымдарының басшыларына өз смартфондары арқылы төлем тапсырмаларына қол қоюға мүмкіндік жасайтыны түсіндірілген.

Әлеуметтік сала бойынша

2024 жылдың 23 шілдесінде ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті әзірлеген және аймақтық департаменттерге Зейнетақы төлемдерін тағайындау және кейінгі бақылау кезінде еңбек өтілі туралы құжаттардың дұрыстығына күмән тудыратын екі есе көп немесе аз төлемдердің алдын алу бойынша әдістемелік ұсыныстар жіберілді.

Медициналық-әлеуметтік
мекемелерде

Сыртқы талдау нәтижесінде кепілдендірілген медициналық көмек көлемін толық ала алмаған 110 мүмкіндігі шектеулі адамның құқықтары қорғалды. Медициналық мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, карьерлік орталық жобалары аясында еңбек қызметін тоқтатқан адамдарға еңбекақы төленгені, қос қаржыландыру фактілері, сондай-ақ қысқа мерзімді оқудан өткен адамдарды жұмысқа орналастырмау фактілері анықталған. Талдау ұсыныстарын орындау барысында мемлекет бюджетіне 4 млн. теңге қайтарылды. Сыртқы талдау нәтижесінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұсынудан негізсіз бас тартқан 2 мыңнан астам жұмыс берушінің құқықтары қорғалды.

Су жеткізу саласында

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижесінде «Жетісу Водоканал» ШЖҚ МКК-да техникалық шарттарды алу кезінде заңсыз талаптар қою тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, «Жетісу Водоканал» техникалық шарттарды беру барысында заңнамада көзделмеген талаптарды негізсіз енгізген. Сонымен қатар, техникалық шарттарды басқа ұйымдармен (мысалы, Теплосервис, Электржелісі, ҚазТрансГазАймақ, ТКШ және автожол бөлімдері, Жол полициясы және т.б.) келісуді талап еткен.

Спорт саласында

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында №1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде оқу-жаттығу жиындары кезінде 119,4 млн. теңге қаражаттың жымқырылғаны анықталды. Аталған фактілер аудиторлық қорытындымен расталды. Бұл мәселеге байланысты қазіргі уақытта сот талқылаулары жүргізілуде.
– «Бизнеске жол» жобасы аясында төртін-ші тоқсанда 153 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің (ШОБ) 3 324-і қамтылды. Мемлекеттік сатып алулар мониторингі аясында төртінші тоқсанда 141,7 миллион теңге, жыл басынан бері 1 млрд 98 млн. теңге үнемделді. Мысалы, «Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы» ШЖҚ МКК 30,5 млн теңгеге конференциялар мен семинарлар өткізу қызметтерін сатып алуды жоспарлаған. Біздің ұсынымыздан кейін бұл сатып алу тоқтатылды, — дейді басшы Саят Ахметжанов.
Қорыта айтқанда, облыс көлемінде жыл басынан бері ҚР-ның ӘҚБтК 173, 676 және 680-баптары бойынша 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып жалпы сомасы 3 138 200 теңге айыппұл төлеген.

Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ