МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ USAID АГЕНТТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ

0
36

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстанның Ұлттық экономика және Әділет министрлеріне АҚШ-тың USAID Агенттігінің дамуына байланысты бірнеше депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соңғы кезде АҚШ-тың USAID Агенттігінің ондаған жылдар бойы зиянды жобаларды қаржыландырып келгені жарияланып, белгілі бола бастаған. Илон Маск пен Трамптың өзі бұл мекемені қылмыскерлер басқарып келгені туралы айта бастады. Бұл туралы Магераммов Мәжілістің пленарлық отырысында сөз қозғады.
Мысалы, USAID Колумбияға «трансгендерлік операға» — 47 мың доллар, Перуге – «трансгандерлік комикске» — 32 мың доллар, Египеттегі туризмнің дамуына – 6 млн. доллар, Гватемалаға «жыныстарын ауыстыруға» және «ЛГБТ белсенділігін арттыруға» — 2 млн. доллар, Сербияға іскерлік ұйымдар мен жұмысшылар ұжымдарындағы теңдікті дамытуға 1,5 млн. доллар, Ауғанстандағы көкнәр мен героин өсіру үшін ауылшаруашылығы жабдықтары мен тыңайтқыштар және ирригациялық каналдар үшін жүздеген миллион доллар бөлген, сонымен қатар Аль-Каида басбұзарларына мыңдаған табақ тамақ үлестерін жолдаған. Бұл тек бізге белгілісі. Ал Орталық Азияға келер болсақ, 2022-2025 жылдарға USAID адам құқықтары мен теңдігі сақталуы үшін 2 млн. доллар ақша бөлген. Бір қызығы, бұл бағдарламаны орындаушылар интерсексуалдар мен трансгендерлер, бисексуалдар мен гейлер және лесбиянкалардың европалық халықаралық ассоциациясы. Сонымен қатар ерекшелігі — бұл ұйым АҚШ пен Қазақстан үкіметтері арасындағы жұмыс бағдарламасын сәйкестендіретін орталық болып табылатындығы. Бізге арнап бөлініп жатқан АҚШ қаржысын бөліп жатқан кім екенін, олар қайда құйылып, кімнің қолына түсіп жатқанын, оны қайда, қандай мақсаттарға, қандай жобаларға жұмсап жатқанын білуіміз керек – деді мәжіліс депутаты Магеррамов.
Депутаттың ойынша, біздің елде өтіп жатқан кейбір топтардың белсенділігі қоғам ішіндегі көпшіліктің сұранысына байланысты пайда болып жатқан жоқ, керісінше, сырттан қозғау салынып және қаржылық көмек беріліп, «қоғамда сексуалды аз топтың құқығы қорғалуы тиіс» деген лозунгіге жол берілуде. Мысалы, алматыдағы «әйелдер маршы», «лесбилер парады», осыған ұқсас түсініксіз шерулер сырттан келген қаржылай көмектің арқасында өтіп жатыр. Бұл дегеніңіз адам құқығы сақталуы тиіс деген бізге жат топтардың, теріс идеологияның әрекеті.Осындай әрекеттер біздің өскелең ұрпақтың санасын улап бұзып жатыр.Осы орайда айта кететініміз, білімге, балалар денсаулығына, экологиялық бағдарламаларға беріліп жатқан шетелдік қаржылай көмектермен шерулерге беріліп жатқан қаржыны шатастырмау керек. Сондықтан да біз сырттан үкіметтік емес ұйымдарға келіп жатқан бақылаусыз қаржылай көмектерден сақ болуымыз керек. Қоғамды іштен ірітетін демеушілердің осындай қаржылай көмегінен аулақ болуымыз керек.Жоғарыда аталған министрлер ондай қаржыны тексеріп, Қазақстанда теріс идеясы бар шерулерге жол бермегеніміз жөн – деді депутат. Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамптың әкімшілігі USAID-тың жұмысын сынға алды. Ақ үйдің сайтында Агенттік туралы «лауазымды пайдаланып қаржы шашқыш» деген ақпарат пайда болды. Қазір АҚШ-тың ЮСАИД Агенттіктің қазынасы мен мақсатты бағдарлармалары тексерілуде.

Орысшадан аударған
Баян Таңатарова


ПІКІР ЖАЗУ