ЖАСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ БАҒЫТ

0
47

Алакөл ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша семинар өтті.

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Алакөл ауданының Қабанбай ауылдық округінде мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шара Алакөл аудандық прокуратурасының бастамасымен, аудан әкімдігі, білім бөлімі және полиция бөлімінің қатысуымен өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Алакөл ауданы прокурорының орынбасары Бүркіт Нұрмұханбетов, аудан әкімінің орынбасары Мәулен Төлеужанов және аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ибраимов қатысушыларға нашақорлық, суицид және алаяқтық қылмыстарының қауіптілігі мен салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Көктұма кенттік полиция бөлімінің басшысы М.К. Нұрболаев пен аудандық аурухананың нарколог-дәрігері Б.А. Саятова лудомания, буллинг және есірткі қолданудың зияны жөнінде дәріс оқып, алдын алу шараларының нәтижелерімен бөлісті.

Назерке НАБИКЕНОВА
Алакөл ауданы


ПІКІР ЖАЗУ