ВАУЧЕРЛІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Қайсы бір заманда да сыңсыған орман, жер бетін жапқан жасыл жапырақ, қоршаған ортаны тазарту жөнінде орман алқаптарының адам өмірінде табиғат айналымында алатын орны әр қашанда биік бағалан ғой. Біздің өңірдің жері жайсаң, елі еңселі, көлі көрікті, тек соған иелік жасап жанды көмек көрсетіп, аялай білгеніміз жөн.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі мектепке дейінгі білім беру саласында алғаш рет пилоттық режимде енгізіліп отыр. Бұл механизмнің басты мақсаты – ата-аналарға өз баласына балабақша таңдауда еркіндік беру және жеке ұйымдар арасындағы бәсекелестікті арттыру арқылы қызмет сапасын жақсарту.
Бұл жүйе екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі, қаржы ваучері — бұл мемлекет тарапынан ата-аналарға берілетін шартты сертификат, ол арқылы ата-ана өз баласын қалаған балабақшаға орналастыра алады. Бұл ваучер нақты ақшалай берілмейді, тек таңдалған балабақшаға мемлекеттік бюджеттен төлем жасауға мүмкіндік береді.
Ал екіншісі, виртуалды ваучер – бұл қаржыландырудың цифрлық түрі, яғни ата-ана немесе қамқоршы электрондық жүйе арқылы өтініш беріп, баласына ваучер тағайындатады.
Процестерді автоматтандыру үшін сынақтан сәтті өткен «E-zhetysu» жүйесі қолданылуда. 1–11 мамыр аралығында техникалық интеграция жүргізіліп, 12 мамырдан бастап ваучерлерді беру басталады. Айта кетсек, облыс орталығында 404 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Жаңа тәсіл орындарды әділ бөлуге, қаржыландырудың ашықтығына және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Гүлнұр БАЙМҰХАН