ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІ ЖЕТІЛДІРІЛДІ

0
42

Жетісу облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни оқу-ағарту бөлімі ұйымдастырған имамдарға арналған білім жетілдіру семинары табысты аяқталды. Мамыр айының 19-ынан 31- і аралығында өткен курсқа Көксу, Ескелді, Қаратал аудандарының дін қызметкерлері қатысты.

Екі аптаға созылған семинар аясында дін қызметкерлері фиқһ, ақида, Құран, қабылданған құжаттар және өзге де бағыттар бойынша білімдерін жетілдірді. Семинар барысында имамдар теориялық және практикалық сабақтар арқылы білімдерін нығайтып, діни қызметтің түрлі салаларында тәжірибе алмасты.
Жетісу облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытымен ұйымдастырылған 12 күндік Имамдардың білімін жетілдіру курсы ары қарайда жалғасын таппақ. Қатысушылардың білімін бағалау мақсатында қорытынды емтихан тапсырылды. Емтихан нәтижесінде имамдардың діни дайындық деңгейі сараланып, олардың кәсіби біліктілігі бағаланды.
Соңында барлық қатысушыларға Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының атынан арнайы сертификаттар табысталды. Бұл бастама дін қызметкерлерінің білімін арттырып қана қоймай, өңірдегі діни тұрақтылық пен рухани дамуға оң ықпал етті.

Зарина МАНАРБЕКҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ