Алакөлдегі шекарашыларға арналған мерекелік шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара Алакөл аудандық З.Қойшыбаев атындағы Мәдениет үйінде өтті. Шараға Алакөл шекара басқармасының жеке құрамы мен мәдениет үйінің қызметкерлері ат салысты.
Мерекелік жиынға сондай-ақ Үшарал қаласының әскери бөлім командирлері мен мемлекеттік органдардың басшылары қонақ ретінде шақырылды. Іс-шара барысында шекарашылардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше атап өтіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша депаратаменті