ЖАҒЫМСЫЗ ӘРЕКЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ СҰХБАТ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Арасан» шекара бөлімшесінде психолог маманы А. Тұрғамбаева жеке құраммен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға арналған сұхбат өткізді.
Іс-шара барысында әскери тәртіпті сақтау, өз мінез-құлқын бақылау және ұжымдағы өзара түсіністік пен жауапкершілік тақырыптары талқыланды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті