ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
18

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Б.Нарынбаев пен ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары «Басқұншы» ауылының «Крылов» орта мектебінің 10–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жоғары әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары, әскери мамандықтардың маңызы мен болашағы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, курсанттар өздерінің академиядағы оқу тәжірибесімен бөлісіп, әскери қызметтің жауапкершілік пен абыройды қатар талап ететінін атап өтті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті